13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Дзюдо жайлы қызық деректер топтамасы

28 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Дзюдо жайлы қызық деректер топтамасы
Share on FacebookShare on Twitter

28 қазан – Дүниежүзілік дзюдо күні. Дзюдо сөзі жапон тілінен сөзбе-сөз аударғанда «жұмсақ жол», деген мағына береді. Атаулы күнді 2011 жылдан бері Халықаралық дзюдо федерациясы осы спорт түрінің құндылықтарын кеңінен насихаттау мақсатында атап өтеді. Мереке Кодокан мектебінің негізін қалаушы – Дзигоро Каноның туған күніне орайластырылған. Осы орайда назарларыңызға әлемдегі ең танымал спорт түрі жайлы қызық деректерді ұсынамыз.

1. Дзигоро Кано (1860-1938 жж) джиу-джитсудағы қауіпті әдіс-тәсілдерді алып тастап, 21 жасында жаңа спорт түрінің (дзюдо) мектебі – Кадоканның негізін қалаған. Кано «дзюдо» терминін «сұлулық жолы» деп түсіндірген. Бастапқыда Дзигоро Каноның 12 ғана шәкірті болған. Олар 1885 жылдан бастап джиу-джитсу турнирлерінде жеңіске жете бастаған соң дзюдоға деген қызығушылық арта түседі.

Дзигоро Каноның портреті.

2. 1956 жылы 5 мамырда Токио қаласында дзюдодан бірінші әлем чемпионаты өткен. Бәсекеге 21 мемлекеттен 31 татами шебері қатысыпты.

3. Ал алғаш рет Олимпиада бағдарламасына 1964 жылы қосылды. Токиода жалауы желбіреген төрт жылдықтың басты бәсекесінде спортшылар төрт салмақта кім мықтыны анықтаған. Келесі Мехикодағы Олимпиададан тыс қалған дзюдо содан бері Олимпиада бағдарламасынан түспей келеді. Олимпиадалар тарихында ең көп алтынды Жапония құрамасы жеңіп алса (48 алтын, 21 күміс, 27 қола), Қазақстан екі күміс, екі қола медальмен жүлде алған 56 елдің ішінде 37-орында тұр.

1964 жылғы Олимпиададағы дзюдошылар бәсекесі.

4. Ясухиро Ямасита – татамиде қарсыласына жол бермеген әлемдегі жалғыз дзюдошы. Оның 217 ресми жекпе-жекте жауырыны жерге тимеген.

5. Дзюдо спортында барлығы 12 дан бар. Он екінші дан аталған спорт түрінің негізін қалаған Дзигоро Каноға берілсе, он бірінші данды ешқандай спортшы иеленбеген.

6. Дзюдомен шұғылданған танымал азаматтардың қатарында АҚШ Президенті болған Теодор Рузвельт, Германияның экс-канцлері Ангела Меркель, Ресей Президенті Владимир Путин, танымал режиссер Гай Ричи, актер Стивен Сигал мен Чак Норрис бар.

7. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде дзюдодан 200-ге жуық ұлттық федерация тіркелген. Ал дзюдоны серік еткендер саны 30 миллионға жуықтайды екен.

8. Белгілі үндістандық ойшыл Рабиндранат Тагор дзюдо өнерін жоғары бағалаған. Нобель сыйлығының лауреаты Кодоканға барып, Канодан Бомбейде өзі ашқан университетке дзюдо мұғалімін жіберуді сұраған екен.

9. Дзюдодан ең жас әлем чемпионы – француз Тедди Ринер. Ол 2007 жылы 18 жасында Рио-де-Жанейрода өткен додода 100 келіден жоғары салмақта топ жарған. Жалпы Тедди Ринер – үш дүркін Олимпиада, 11 дүркін әлем, бес дүркін Еуропа чемпионы.

Previous Post

Түркістан – Татулық мекені: Басқармалар үйінен «Достық» кабинеті ашылды

Next Post

Бизнес өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы таныстырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі