13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бизнес өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы таныстырылды

29 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Бизнес өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы таныстырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Шараға кеңес төрағасы М.Сейтжанов пен кеңес мүшелері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, бизнес өкілдері мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Кеңес отырысында Талғар Серікбаев қатысушыларға 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жобасымен таныстырды.
Спикер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, бизнесті қорғау, оған қолайлы инвестициялық жағдай жасау, аталған саладағы проблемалар мен оларды шешу жолдарын қарастыру, бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Құжатты әзірлеу барысында сала өкілдері стратегияның мақсат-міндеттеріне, шетелдік тәжірибе мен халықаралық стандарттарға сүйенгендігін айтады. Басымдық адал бизнесті дамытуға беріліп отыр.
«Тұжырымдаманың маңызды басымдықтарының бірі адал бизнесті дамыту болып табылады» — дейді Т.Серікбаев. Тұжырымдамада бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуге ынталандыру көзделгендігін жеткізіп, Департаментпен жүзеге асырылып отырған «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы аясында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Кездесу барысында кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін өзекті проблемалық мәселелер талқыланып, бизнес өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Previous Post

Дзюдо жайлы қызық деректер топтамасы

Next Post

Түркістандық спортшылар әлем чемпионатында жүлделі орынды иеленді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі