13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда Сабыр Рақымов додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

21 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда Сабыр Рақымов додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда  үш күнге созылған талантты  балуандар бəсекесі аяқталды. Ерлер және қыздар арсындағы бәсеке халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. 2002-2004 жылы туған жігіттер мен қыздар арасында өткен сайыс ел Тәуелсіздігінің  30  жылдығына  жəне Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр  Рақымовтың жүлдесіне арналды.

Түркістанда заман талабына сай бой түзеген «OLIMPIC CENTER» спорт  кешенінде өткен     халықаралық сайысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан мен Қазақстаннан ең таңдаулы жас балуандары қатысты. Халықаралық турнирге ерлерден  410  балуан қатысса, қыздардан 110-нан астам бұрымды спортшы бақтарын сынады. 11 салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Халықаралық турнирде Түркістан облысының намысын  қорғап, 52 келіде өнер көрсеткен Дінмұхамед Мергенбай қола жүлде иеленді. Бұдан бөлек Қуандық Шалқар да қола медалді қанағат етті. Ал  79 келіде Елнар Шілдебай алтын медальді қанжығасына байласа, осы салмақта түркістандық Бекзат Тілдебаев пен 86 келіде бақ сынаған Иманғали Қалдыбек қола жүлдені еншіледі.

Батыр бабаның жүлдесіне арналған халықаралық сайыста Түркістан облысының дарынды  балуан қыздар жарады. 50 келіде түркістандық Балжан Шəкір жеңімпаз атанып, алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар 53 келіде белдескен Шұғыла Өмірбек — күміс, ал, Еңлік Қабылбек қола жүлдегер атанды.  Данагүл Мəлкен турнирдің жеңімпазы атанса,   Мадина Аман күміс алқаны еншіледі. Нулифар Раймова қола жүлдегер атанса, Шəмшиябану Тастанбек күміс жүлдеге ие болды. 72 келі салмақта шеберлігін көрсеткен Нұржамал Нұрма күміс алқаны місе тұтса, 76 келі салмақтағы жас спортшы қыз Арайлым Алтынбек те күміс жүлдегер атанды. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен, дипломмен марапатталды.
Бұл сайыста Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан Тəжікстан балуандарының да мықты екендігі аңғарылды. Олар да жүлделі орындардан көрінді.

Previous Post

Түркістан: Жекеменшік балабақшаларға үкімет қолдауы қажет

Next Post

Түркістан: Халықаралық суретшілер пленэрі мен жас суретшілер симпозиумы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі