13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Халықаралық суретшілер пленэрі мен жас суретшілер симпозиумы өтті

21 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Халықаралық суретшілер пленэрі мен жас суретшілер симпозиумы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Түркістан облысы, Төлеби ауданында «Төлеби – Ұлы дала мекенім» атты суретшілер пленэрі мен «Бір өлке – бір сурет» атты жас суретшілер симпозиумы өтті. Алты күнге созылған іс-шараға көршілес елдерден және Алматы, Нұр-Сұлтан, қалаларынан халықаралық дәрежедегі суретшілер қатысты.

Ұрпақтар сабақтастығын жаңғырту, егеменді еліміздің болашағы – жас ұрпақты ұлттық дүниетаным негізінде тәрбиелеу, жас суретшілерге қолдау көрсету, олардың шығармашылығын шыңдау мақсатындағы облыстық «Бір өлке – бір сурет!» атты жас суретшілер симпозиумы да жастарға ерекше шабыт сыйлады.

Симпозиумның қорытындысы ретінде Төлеби аудандық мәдениет үйі алдында жас суретшілердің өнер туындылары мен қылқалам шеберлерінің жаңа шығармалары қойылған көрме ұйымдастырылды. Суретші, мәдениет қайраткері, гобеленші Құттыбек Тыныбекұлының шығармаларынан да көрме өткізілді.

Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы бұл іс-шараның суретшілер қауымына серпін бергенін атап өтті.

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев пленэрдің суретшілер үшін ғана емес, жалпы тұрғындар үшін маңызды екенін жеткізді.
«Сурет өнерінің қыр-сырын меңгерген мамандар Төлеби жерінде бас қосып, өзара пікір алмасып, шабытына шабыт қосты. Жанры және стилі әр қилы суретшілердің басқосуының Төлеби төрінде өтіп жатқаны біз үшін ерекше қуаныш әрі мақтаныш. Алты күнге созылған «Бір өлке – бір сурет!» атты облыстық жас суретшілер симпозиумы жас суретшілер үшін пікір алмасу алаңы ғана емес, тәжірибелі мамандардан үйрену, олардың ағалық ақыл кеңестеріне көңіл бөлу кезеңі болды.

«Суретшілер үйінің» алғаш болып, ауданымызда бой көтеруі жалынды жастардың талантын ашары анық. Біздің қуанышымызбен бөлісіп, аудан жастарына берген ағалық ақыл мен кеңестеріңізге алғыс айтамын. Қаламдарыңыз ешқашан мұқалмасын, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс пен ынтымақ, шығармашылық табыс тілеймін», – деді аудан әкімі.

 

Previous Post

Түркістанда Сабыр Рақымов додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Next Post

Ел бірлігін нығайтуда Түркістанның тарихи рөліне басымдық беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі