13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Жекеменшік балабақшаларға үкімет қолдауы қажет

20 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Жекеменшік балабақшаларға үкімет қолдауы қажет
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда Түркістан облысында жекеменшік балабақшалардағы жан басына қаржыландыру мәселесі республика бойынша ең төменгі мөлшерде. Бекітілген бірыңғай әдістеме бойынша есептерге сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдарда жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі Түркістан облысында 2021 жылы қала үшін — 37 537 теңгені, ал ауылдық жерлер үшін — 41 053 теңгені құрауы тиіс. Алайда, осы уақытқа дейін облыста бір балаға айына 25 582 теңге бөлінуде. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков мәлімдеді.

Сондай-ақ, брифингке Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Куленова, Түркістан облысы бойынша үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Дильдар Хабибова, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова қатысты.

«Мектепке дейінгі тәрбиемен 155 мыңнан астам бала қамтылған. 2021 жылға арналған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жалпы бекітілген бюджет 115 729 орынға шаққанда 53,3 млрд теңгені құрайды, оның 10,2 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 43,04 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен қаралған. Бүгінде қосымша қажеттілік жалпы 26,6 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде жаңа әдістемеге сәйкес — 23,5 млрд теңге және кезекте тұрған балаларды жаңа орынмен қамту үшін — 3 млрд теңге қажет. Бұл жетіспейтін қаражат республикалық бюджеттен бөлінетін жалпы сипаттағы трансферттерді қарау барысында ескерілмеген»,  — қауымдастық төрайымы деді Лейла Куленова.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова аталған мәселе бойынша басқарма тарапынан тиісті хаттар жолданғанын айтып, аталған мәселе шешімін табатындығын жеткізді.

Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша бүгінгі таңда 1 417 балабақша болса, оның 267-сі мемлекеттік, 1031-і жекеменшік, яғни облыста ашылған балабақшаның 90%-ы кәсіпкерлік субъектілері.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Previous Post

Түркістанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығында 30 мұқтаж отбасы баспаналы болды

Next Post

Түркістанда Сабыр Рақымов додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі