13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығында 30 мұқтаж отбасы баспаналы болды

20 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығында 30 мұқтаж отбасы баспаналы болды
Share on FacebookShare on Twitter

Сауапты істерімен түркістандықтардың алғысына бөленіп жүрген «Үлес» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Райымжан Қошқаровтың бастамасымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мұқтаж отбасыларға 30 үй» ұранымен қайырымдылық акциясы басталған болатын.
Бүгін 69 жастағы қала тұрғыны Бибажар Салаева үш немересімен бес бөлмелі жаңа шаңыраққа кіріп, қуанышқа бөленді. Бұл  «Үлес» қоғамдық қайырымдылық қорының үлестіріп жатқан отызыншы үйі. Қоныс тойға қатысқан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, Түркістан қаласы «Бірлік» тұрғын үй алабы бойынша аталмыш ұйымның басшысы Тайыр Абдуалиев Бибіажар апаға ізгі ниеттерін білдіріп, жаңа үйдің кілтін салтанатты түрде тапсырды. Бір жарым айдың ішінде құрылысы аяқталған жаңа үй табиғи газ, үй жиһаздары, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ, барша керек-жарақпен жабдықталған.
Шараға қатысқан «Үлес» қоғамдық қайырымдылық қоры мүшелері қысқа уақыт ішінде салынған үйге көмек қолын созған жергілікті кәсіпкерлерге алғысын жеткізді. Өз кезегінде Ж.Әзіретбергенов аталмыш қордың төрағасы Р.Қошқаровқа түркістандықтар атынан алғыс айтып, ел игілігі жолындағы атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Пікірсайысшылар Түркістан облысы әкімінің кубогын сарапқа салды

Next Post

Түркістан: Жекеменшік балабақшаларға үкімет қолдауы қажет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі