13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Түркістанда 5-сынып оқушысын сыныптастары ұрып өлтірген

15 октября, 2021
in Қылмыс
0
Түркістанда 5-сынып оқушысын сыныптастары ұрып өлтірген
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда 5-ші сынып оқушысының өліміне ауыр соққы себеп болуы мүмкін деген болжамға қатысты дәрігерлер айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мектеп оқушыларынан түсінік алып жатыр. 10 жастағы баланың қазасына оқушылар арасындағы бопсалау, әлімжеттік себеп болды деген марқұмның ата-анасы әділдік талап етуде.

Оқиғаға қатысты дәрігерлер түсінік берді. Олар қажетті зерттеулер жүргізіліп, сот-медициналық сараптамасына өткізілгенін айтты.

“Өйткені ол соққыға жығылған соң, шамалы психомоторлы қозуы болған. Шошып оянып, психикалық белгілері болған. Бас мидың жабық травмасы, бас мидың соғылуы, ісінуі, ми стволының қысылуы, сөйтіп аспирациялық синдром деп бізде диагноз қойылып, сот-медициналық сараптамаға өткізілген”, – дейді Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары.

Мәселенің ақ-қарасын енді полиция анықтамақ. Құзырлылар тағайындалған сапартама қорытындысына сәйкес, заң шеңберінде шешім қабылданатынын хабарлады.

Еске салсақ, Түркістанда мектеп оқушылары сыныптасын ұрып өлтірген. Туыстары оны ақша тауып бере алмағаны үшін сотқар сыныптасы мектептің дәретханасында ұрып-соққан дейді. Зардап шеккен бала бірнеше күн төсек тартып, ақыры ауруханада көз жұмған.

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан облысында 13 жасар қызды өгей әкесі зорлаған

Next Post

Шымкентте оқушыны сыныптасының әжесі ұрған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі