13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Шымкентте оқушыны сыныптасының әжесі ұрған

15 октября, 2021
in Қылмыс
0
Шымкентте оқушыны сыныптасының әжесі ұрған
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте ақылы мектептің дайындық сыныбына барып жүрген оқушыны сыныптасының әжесі ұрған.Таяқ жеген баланың анасының айтуынша, ұлына қол көтерген әженің отбасы шенді қызметкерлер екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға тамыз айында «Жас Дарын-2» ақылы бастауыш мектебінде болған. Алайда полицейлер істі созып жіберген көрінеді.

Соққыға жығылған баланың анасы Жанар Жаппарқұлованың айтуынша, ұлының сыныптасының әкесі полицей, ал анасы түрме бастығының орынбасары. Ал балаға қол көтерген әжей экс-прокурор екен.

Ол 17 тамызда полицейлерге шағым түсірген көрінеді. Бірақ құқық қорғау органдары істі созып, жүріп алған. Әйел ұлы биыл бірінші сыныпқа баратын болғандықтан айына 40 мың теңге төлеп, перзентін даярлық сыныбына бергенін айтады. Ал оқиғаны кейін біліпті.

«Оқиға 13 тамызда, жұма күні болған. Ұлым үйге келіп, ауырды. Беті көгерген. Айтуынша, сыныптасының әжесі ұрған. Анасы да сонда болған. Ол ұлыма «анаңды қаматып жіберемін» деп сес көрсетіпті. Балам «мені қорғай алмадыңыз» деп маған қатты ренжіп, жылады. Енді қатты есеңгіреп қалған ғой”, – дейді  баланың анасы.

Әйелдің айтуынша, ол дүйсенбі күні мектепке барып, директорына жолыққан. Ол сыныпта екі бала ренжісіп қалғанын айтқан.

“Сол сәтте ұлымның сыныптасының анасы баласын алып кетуге келген екен. Әжесі де болған. Ұлымды сол кезде ұрып тұр ғой, жай ұра салмаған, қатты ұрғаны көрініп тұр. Мектеп басшылығына өзімнің де мұғалім екенімді, бала болған соң өзара ұрысып та қалатынын түсінетінімді айттым. Егер ұлымның сыныптасының туыстары келіп кешірім сұраса, ешкімге шағымданбаймын дедім. Ал олар директорға «Біз әулетімізбен органда істейміз» деп айтып, мектепке келмеді. Сонда қарапайым мұғалімнің баласы таяқ жеп жүре беруі керек пе? Қорғансыз баланы қалай ғана ұруға дәті барды? Әже деген мейірімді болуы қажет емес пе?» — деді жәбірленуші оқушының анасы.

Жанар Жаппарқұлова ұлының психологиялық тұрғыда соққы алғанын, әлі күнге дейін түнде мазасы қашатынын айтты.

Шымкент қалалық полиция департаменті бұл оқиға Қаратау аудандық полиция басқармасында Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-2 бабымен (Ұрып-соғу) тіркелгенін айтты. Іс күні кеше ғана сотқа жолданыпты.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентқылмыс
Previous Post

Түркістанда 5-сынып оқушысын сыныптастары ұрып өлтірген

Next Post

Ж.Түймебаевтың үстінен профессорлар мен мұғалімдер шағым түсірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі