13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Түркістан облысында 13 жасар қызды өгей әкесі зорлаған

15 октября, 2021
in Қылмыс
0
Түркістан облысында 13 жасар қызды өгей әкесі зорлаған
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 13 жасар өгей қызын зорлады деп айыпталған 1978 жылы туған азаматқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Ratel.kz порталы.
2021 жылдың басында Түркістан облысындағы шалғай ауылдардың бірінде сұмдық жағдай орын алды. 13 жасар қыз өгей әкесінің баласын дүниеге әкелді. Полиция, прокуратура, ауыл әкімдігі және балалар үшін жауапты уәкілетті басқа да мемлекеттік органдар мұндай фактіні жоққа шығара алмады. Ата-анасынан да, қыздың өзінен де ешқандай арыз түспегеніне қарамастан жағдай бойынша тергеу басталып, қылмыстық іс қозғалды.
Отбасының ауылға жақында Шардарадан көшіп келген. Қыздың анасы 1-топтағы мүгедек. Денсаулығына байланысты көбінесе Түркістан мен Шымкент ауруханаларындағы ұзақ мерзімді стационарлық емделген. 13 жасар қызы босанған уақытта да анасы емханада болған. Әйел қызының сәби дүниеге әкелгенін естігенде есеңгіреп қалады. Оның айтуынша, қызының салмақ қоса бастағанын байқаған. Бірақ ол тойып тамақ жегеннен деп ойлаған.
Жасөспірімнің мал бағумен айналысатынын өгей әкесі болған. Ол өгей қызы босанған уақытта оның жеке өмірі туралы ештеңе білмейтінін мәлімдеген.
Босанған қыз басында баласының әкесін атаудан үзілді-кесілді бас тартады. Бірақ анасы араласқаннан кейін оны өгей әкесі зорланғаны белгілі болды.
Ер адам тұтқындалып, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында жаңа туған бала мен қыздың өгей әкесінен ДНҚ сараптамалары алынды. Нәтижесінде күдікті сәбидің әкесі екені 99,9%-ға расталды.
Сотта айыпталушы өзі болған оқиғаны толық мойындады. Әйелі ауруханада болған күндердің бірінде араққа сылқия тойып келіп, өгей қызын зорлағанын мәлімдеді.
Ер адам кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық атқару жүйесі комитетінде өтейді.Үкім заңды күшіне енді.
Қазіргі таңда нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық. Жас ана мен бала қамқоршылық мекемелерінің қолында.

Tags: 13kz13kz.kz13кззорлаупедофильТүркістан облысы
Previous Post

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

Next Post

Түркістанда 5-сынып оқушысын сыныптастары ұрып өлтірген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі