13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

14 октября, 2021
in Жаңалықтар
0
Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады
Share on FacebookShare on Twitter

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 9 айдағы қорытындылары туралы баяндалды. Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, облыста сауда, ауылшаруашылығы, құрылыс, инвестиция, шағын және орта бизнес салаларында өсім бар. Өңірлік жалпы өнімнің көрсеткіші бойынша республикада екінші орынға шыққан.

Мемлекет басшысына облыстағы эпидемиологиялық ахуал туралы мәлімет берілді. Жалпы коронавирус індеті басталғалы бері өңірде 14 645 адам індет жұқтырған. Бұл – облыс тұрғындарының 1,6 пайызы. Қазір аймақтағы азаматтардың 97,8 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алған.

Сондай-ақ Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын таза сумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша есеп берді. Облыс орталығының маңындағы 4 қайнар ауыз су қорын артығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген. Президентке қазіргі уақытта өңірдегі ағын су тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Мемлекет басшысы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын және аймақтағы өзге де қолға алынған жобаларды кезең-кезеңімен, уақтылы жүргізіп, тиянақты аяқтауды тапсырды.

Previous Post

Қазақстан бидай мен ұнды ауған нарығына қайта шығара бастады

Next Post

Түркістан облысында 13 жасар қызды өгей әкесі зорлаған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі