13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанға Түркі әлемі Парламенттер қорының өкілдері келді

24 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанға Түркі әлемі Парламенттер қорының өкілдері келді
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласына Түркі әлемі Парламенттер қорының төрағасы Чалышкан Абдуллах бастаған бір топ делегация келді.

Түркі әлемі мен туыстас қауымдастықтар арасындағы әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ортақ тарихымыздан тұратын достық пен бауырластық байланыстарды нығайту арқылы мәдени байлығымыздың танымал болуына ықпал ету мақсатында келген делегация өкілдері ағымдағы жылдың 23-25 қыркүйегі аралығында Түркістан облысында іс-сапарда болады.

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін ескере отырып, өңірдің туристік әлеуетімен таныстыру және Түркістанды Халықаралық туристік орталық ретінде танымал ету мақсатында Түркі әлемі Парламенттер қорының өкілдеріне облыс аумағында арнайы ақпараттық тур ұйымдастырылу жоспарлануда.

Делегация өкілдері алдымен Отырар ауданындағы «Отырар» қалашығы, «Арыстанбаб кесенесі», «Сапар орталығы» сынды мәдени-тарихи орындарға барып,  Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесіне тәу етпек.

Сонымен қатар, сапар барысында қаланың жаңа келбеті таныстырылып, «Керуен-Сарай» туристік кешені, «Ұлы дала Елі орталығы», «Визит орталығы», «Әкімшілік – іскерлік орталығы», «Алатау» медиа орталығы сияқты нысандарға экскурсиялар ұйымдастырылатын болады.

Түркі әлемі Парламенттер қорының делегациясы 2021 жылғы 24 қыркүйек күні Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне түрлі түсті жарық беру шарасына Түркістан облысының басшылығымен бірге қатысады деп күтілуде.

Previous Post

Түркістан облысында «Бұл  – біздің таулар» фестивалі өтті

Next Post

Қазақстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі