13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

24 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Қазақстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Share on FacebookShare on Twitter

Санаулы сәттер бұрын Литваның Каунас қаласындағы «Жальгирис-Аренада» Қазақстан құрамасы Тайландты 7:0 есебімен жеңіп, футзалдан Әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Голдар: Дәурен Тұрсағұлов (3-мин), Дуглас (4-мин), (Чайвата Джамграджанга, автогол, 19-мин), Дәурен Нұрғожин (24-мин), Тайнан (24-мин), Арнольд Кнауб (32-мин), Игита (38-мин).

Ойынды қарқынды бастаған Кака шәкірттері есеп ашып қана қоймай, еселеп үлгерді. Әуелі Дәурен Тұрсағұлов өкшемен теуіп әдемі гол салды. Ізін ала бұрыштама добынан кейін Дуглас жойқын соққымен есепті 2:0-ге жеткізді. Қазақстан құрамасы матчтың тізгінін қолда ұстап, бірінші таймның соңғы минуттарында тағы бір гол салды.

Екінші жиырма минуттықты қорғаныста бастағанымен қазақстандық ойыншылар үш рет қарсыласты қапы қалдырды. Ал 17-минутта әлемнің бес дүркін үздік қақпашысы атанған Игита жетінші голды торда тулатты.

23-қыркүйек күні Қазақстан футзалшылары Тайландпен төртінші рет кездесті. Екі құрама арасындағы 2000 жылғы алғашқы кездесуде ұлттық құрама (4:3) басым түссе, 2016 жылы (3:3) тең тарқасты. Осыған дейінгі 2017 жылғы ойында Қазақстан (2:1) жеңіске жеткен.

Қазақстан футзалдан әлем чемпионатында ең үздік нәтижесін тіркеді. Енді Қазақстан ширек финалда 27 қыркүйекте Иран-Өзбекстан жұбының жеңімпазымен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

 

Tags: 13kz13kz.kzӘлем чемпионаты
Previous Post

Түркістанға Түркі әлемі Парламенттер қорының өкілдері келді

Next Post

Қазақстан Жобалық басқару бойынша дүниежүзілік конкурстың жеңімпазы атанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі