13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында «Бұл  – біздің таулар» фестивалі өтті

23 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында «Бұл  – біздің таулар» фестивалі өтті
30
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Түркістан Оқушылар сарайы мен «Turkistan Tourism Center» орталығы бірлесе «Бұл – біздің таулар» фестивалін ұйымдастырды. Шараның мақсаты – оқушыларға аймақтағы таулы өлкелерді таныстыру, табиғат құндылықтарын насихаттау, тау туризмін дамыту және Түркістан облысының жаңа туристік бағыттарын таныстыру.

Фестивальға Түркістан қаласындағы 30 мектептен үздік, белсенді әрі талантты 30 оқушысы және «Оқушылар сарайындағы» үйірмелерге қатысушы, көптеген республикалық және халықаралық додаларда топ жарып жүрген дарынды 20 оқушы қатысты. Олар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Хантағы демалыс аумағына саяхат жасап, түрлі қызықты сайыстар мен ойындар ойнап уақыт өткізді.

Алдымен Түркістан қаласынан жолға шыққан фестиваль қатысушылары Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне барды. Онда оқушылар «Бұл – біздің таулар» тақырыбында сурет салудан сынға түссе, одан кейін «Дрон ұшыру» бойынша балалар өздерінің қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар өнерден алыс емес балалар өлең, эссе жазып және ән айтып та таланттарын көрсетіп ұйымдастырушылардың жүлделеріне ие болды. Ал, екінші күні Хантағы демалыс аумағына барған балалар кедергілер арқылы тау шыңдарын бағындырды. Сондай-ақ пікірсайыс ұйымдастырып, өздерінің жан-жақтылықтарын көрсете білді.

«Балаларды табиғатқа жиі алып бару, оларға қызықты сәттер сыйлау өте пайдалы. Мен өзім де тауға жиі шығамын. Адам табиғатпен тілдесу арқылы жаңа белестерге күш-қуат алады. Сонымен қатар, бүгінгі шара ең бірінші кезекте балаларды табиғатты аялауға үйретері сөзсіз», – дейді Оқушылар сарайы директоры Индира Сарқытқызы.

Айта кетейік, аталмыш фестивалі 20 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын фестиваль қатысушылары арасында ішкі туризмді дамытуға қызығушылық пен табиғатты қорғауға деген құлшыныс артып келеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Previous Post

Көп балалы аналармен кездесу өтті

Next Post

Түркістанға Түркі әлемі Парламенттер қорының өкілдері келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі