13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскери саланың тізгінін ұстаған мерейлі отбасы

16 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Әскери саланың тізгінін ұстаған мерейлі отбасы
Share on FacebookShare on Twitter

Адам баласының өміріндегі ең құнды қазынасы – отбасы. Отбасының қамқоршысы мен тіреуі – ер азаматы, шаңырағының шырайын келтіріп, ырысын еселеп, ынтымағын қамтамасыз ететін – адал жары, сол шаңырақты береке мен мерекеге толтыратын бақыты – балалары. Осындай бақытқа ие, көпке үлгі болып отырған әскери салада бірге қызмет етіп келе жатқан Шымкент гарнизонындағы Қарғабаевтар отбасы.
Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілері, яғни ері мен жұбайы тізе қоса, иық тірестіре жүрген капитан Дамир Қарғабаев мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымында, ал ефрейтор Айдана Қамаш аға радиотелефоншы лауазымында жемісті қызмет етуде.
Дамир Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының тумасы. Ұжымында құрметке ие, қызметте құлшынысы мол, жігерлі офицер. Өз ісінің нағыз шебері. Қызмет барысында бірнеше рет әскери бөлімнің, Өңірлік қолбасшылықтың үздік офицері атанған. Сондай-ақ, Макаров тапаншасынан оқ атудан спорт шеберлігіне үміткер. Көптеген әскери сайыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінген.
— Бала кезден Бауыржан Момышұлы атамыздай батыр, даңқты командир, Отан қорғаушы болғым келді. Шерхан Мұртазаның «Отанды, ұлтты, әдебиетті, оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ. Тынымсыз, жанашыр, табанды әрекет керек» деген нақыл сөзіне сүйене отырып, арманыма қол жеткізу үшін барлық күш жігерімді салдым, – дейді Дамир Қарғабаев.
Жастайынан әскери болуды армандаған Дамир 2009 жыл мен 2014 жылдар аралығында Ресей Федерациясы Краснодар қаласының әскери байланыс академиясының тәлімгері атанып, «Ақпараттандыру объектілерін кешенді қорғау» мамандығы бойынша тәмәмдап, бірінші офицерлік лейтенант шенін алды. 2014 жылы әрі қарай қызметтік жолында Талдықорған, Тараз гарнизондарында қызмет етті. Қазіргі таңда Шымкент гарнизонының механикаландырылған әскери бөлімінде жұбайы Айданамен әскери өмірдің қуанышы мен қиындығында бір-біріне демеу болып бірге қызмет етіп келеді.
Ал, жұбайы Айдана Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданының тумасы. 2017 жылы Дамир екеуі өмір өзенінде қайықтың ескегін тең ұстап шаңырақ көтерді. Қазіргі уақытта Анель есімді қызды тәрбиелеп отбасының ұйытқысы болып отыр.
— Жолдасымның әскери формасына қызығып, менде әскери қызметші болғым келді. 2019 жылы жолдасыммен ақылдаса келе, әскери қызметші болуға бел будым. Екеумізде әскери салада қызмет етіп жүргеніміз, мені қатты қуантады. Себебі, әскери орта отансүйгіштікке, елінің нағыз патриоты болуға тәрбиелейді екен, – дейді жұбайы Айдана.
Иә, осылай бір-бірін сыйлап, қол-қанат болған Қарғабаевтар отбасы өз ұжымында өзгеге өнеге болып, өмірдеде, қызметтеде бірге шыңдалып келеді. Әскери саланың тізгінін ұстаған жарасымды жұптың алдағы мақсаты – көп балалы әке мен ана атану. Соларды рухты, патриотты етіп тәрбиелеп жетілдіру.
Ендеше басқаларға үлгі боларлықтай жас отбасыларымыз көбейіп, қазақы болмысымызды сақтайтын, дәстүрімізді дәріптейтін, еңбекқор ұрпақтарымыз өсе берсін демекпіз.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзМерейлі отбасыШымкент гарнизоныәскерилер
Previous Post

Әскерге шақырылушылар Шымкенттен Батыс Қазақстанға аттанды

Next Post

Танк әскери қызметшілері кәсіби мерекелерін атап өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі