13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Танк әскери қызметшілері кәсіби мерекелерін атап өтті

16 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Танк әскери қызметшілері кәсіби мерекелерін атап өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизонының механикаландырылған әскери бөлімінде тарихы 1946 жылдан бастау алған жауынгер танкшілердің табандылығын, қайсарлығы мен ержүректілігін еске алу құрметіне орай Танкшілер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Шара барысында бөлім жеке құрамы танкистердің құрметіне салтанатты сап түзеп, саптық әндермен жүріп өтті. Бөлім басшылықтары танкистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызмет барысында өздерін жақсы жағынан көрсеткен әскери қызметшілерді мадақтама қағаздарымен марапаттады.
Мерекелік көңіл-күйді және салауатты өмір салтын сақтау мақсатында спорттық ойындармен жалғасын тауып, танк бөлімшелері арасында 1 шақырымға жүгіру, кір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту, белтемірге тартыну және әскери эстафета сынды спорт түрлері ұйымдастырылды.
– Бүгінгі мереке мен үшін өте ерекше. Танк әскері Ұлы Отан соғысы жылдарында өшпейтін даңққа ие болып, фашистік басқыншыларға тойтарыс беруде зор үлес қосқан. Бүгінде танк әскерлері еліміздің Қарулы Күштерінде басты соққы күш беруші болып табылады және өзімнің танкист болғанымды мақтан етемін, – деді танк командирі сержант Рахымжан Айдарбеков.
Шара соңында танк бөлімшесінің жеке құрамы кәсіби мереке қарсаңында спорттық демалыс уақытын сыйлаған бөлім басшылығына ризашылығын жеткізді.

2 сыныпты сержант Мақсат ЖАҚСЫБЕК
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзтанк әскеріШымкент гарнизоны
Previous Post

Әскери саланың тізгінін ұстаған мерейлі отбасы

Next Post

Қала әкімі Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер кілтін табыстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі