13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскерге шақырылушылар Шымкенттен Батыс Қазақстанға аттанды

16 сентября, 2021
in Жаңалықтар
0
Әскерге шақырылушылар Шымкенттен Батыс Қазақстанға аттанды
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылғы күзгі шақырудың бірінші командасы Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қалалық жинақтау пунктінен Маңғыстау облысына мерзімді әскери қызметін өткеру үшін аттанды.

Конституциялық борышын өтеуге аттанар алдын болашақ сарбаздар медициналық комиссиядан, психологиялық тестілеуден және баратын әскери бөлімнің өкілімен сұхбаттасудан өтті.
Қалыптасқан дәстүр бойынша сарбаздарды шығарып салуға Ауған соғысы және Қарулы Күштер ардагерлері келді. Олар болашақ сарбаздарға әскери қызметте табыс тілеп, батасын берді.
— Сіздер ата-аналарыңызға және сүйікті қыздарыңызға қымбатсыз. Сіздерді он екі айдан кейін құнды тәжірибе жинақтаған, жетілген азаматтар болып келулеріңізді күтеміз. Естеріңізде болсын, әскери қызмет – бұл қасиетті міндет. Ата-бабалырыңыз бен ағаларыңызға лайықты болыңыз, — деді «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалының төрағасы отставкадағы полковник Серікбай Онбаев.
Жеке құрамның денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында болашақ сарбаздар COVID-19-ға ПТР-тест тапсырды. Бөлімге келгеннен кейін олар екі апталық карантинге орналастырылады және қайтадан ПТР сынағын тапсырып, медициналық тексеруден өтеді.
Осы жылдың күзінде Шымкенттен барлығы 700-ге жуық адам мерзімді әскери қызметке шақырылатын болады.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзсарбаздарШымкент гарнизоныәскер
Previous Post

Шымкент: Зияткер оқушылар тәуелсіздік жетістіктерін шетелдіктерге паш етпек

Next Post

Әскери саланың тізгінін ұстаған мерейлі отбасы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі