13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент: Емханалық қызмет көрсетудің сапасы артуы тиіс

4 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент: Емханалық қызмет көрсетудің сапасы артуы тиіс
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің жұмысымен танысып, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

Биылғы жылдың алты айында департамент қарауына көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы бойынша жеке және заңды тұлғалардан 135 шағым келіп түскен. Бақылаушы органға жолданған шағымдар бойынша 46 жағдайда медицина ұйымдарында тиісті тексеру жұмыстары жүргізілсе, 48 шағым негізсіз деп танылып, қараусыз қалдырылған. 36 шағымның мәні реттілігі бойынша басқа құрылымдардың қарауына жататындықтан, сол құрылымдарға жіберілген, 5 жағдайда шағымданушы өз шағымын кері қайтарып алған.

Көрсетілген медициналық қызметтер бойынша түскен шағымдардың 52 пайыздан астамы негізсіз деп танылған. Жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдардың ішінде уақытша жұмысқа жарамсыздық парағын ашу негіздемесін айқындау, дәрігерлер тарапынан этика және деонтология талаптарының сақталмауын қарау мәселелері де бар.

Дәрілік заттардың айналымы мен медициналық бұйымдар бойынша жеке және заңды тұлғалардан 85 шағым түсіп, оның ішінде 15 шағым бойынша денсаулық сақтау субъектілері болып табылатын нысандар тексерумен қамтылған.

Қала бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қорына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Тұрғындар арасында оларға деген сұраныс қалыпты жағдайда екені айтылып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жетіспеушілігі жоқ екендігі назарға алынды.

Департамент жұмысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысына қаладағы медициналық ұйымдардың кешенді медициналық ақпараттық жүйе бойынша жұмысын ширатуды тапсырды.

Халық денсаулығын сақтау саласында адам факторынан туындайтын қателіктердің алдын алуда және медициналық қызметті белгіленген талаптар бойынша іске асыруда қалалық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің жұмыс есебін барлық денсаулық сақтау ұйымдарында жеке талқылауды тапсырды, олар бойынша кешенді жұмыс жоспарларын әзірлеп, іске асыруды жүктеді.

Емханаларда келушілерге мейлінше қолайлы жағдай жасалуы тиіс деген қала басшысы, емханалық қызмет көрсету жүйесінің сапасын арттыру бойынша нақты шаралар қабылдау керектігіне тоқталды. Азаматтарымыз дәрігерлер қабылдауына келіп, сағаттап кезек күтуге мәжбүр болып отырғаны айтылып, емханалардың жүктелімдерін азайту, дәрігерлік қабылдау жүргізудің регламентін жүйелеу жөнінде пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды. Медициналық қызметтерді автоматтандыру үрдісі заман талабы екенін атап өткен қала басшысы, бұл бағытта арнайы мобильды қосымшаны қолданысқа енгізу мүмкіндіктерін зерделеуді жүктеді

Денсаулық сақтау саласындағы барлық құрылымдар бүгінгідей сын сағатта үйлесімді жұмыс атқаруы тиістігін атап өткен қала әкімі, денсаулық күтімін сақтауда халық арасында нәтижелі түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор екенін айтты. Ақпараттық жұмыстарда барлық қолда бар мүмкіндіктер пайдаланылып, денсаулық күтімінде сауатты қимыл жасаудың жолдары түсіндірілуі керек деді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Халық денсаулығын сақтауда қоғам түсінігін кеңейтетін жұмыстар атқаруды тапсырды

Next Post

Шымкент әкімі азаматтарды онлайн режимде қабылдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі