13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әкімі азаматтарды онлайн режимде қабылдады

4 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент әкімі азаматтарды онлайн режимде қабылдады
32
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онда тұрғындар инфрақұрылым, жер, тұрғын үй мен асфальт салу, қоғамдық көлік және көшені жарықтардыру жұмыстары секілді түрлі мәселелерін ортаға салды.

Солардың бірі қала тұрғыны Амангелді Ақшораев. Қала әкіміне Ынтымақ-2 шағын ауданының газ, су, көшені жарықтандыру және асфальттау жайын баяндап, аталған шағынауданның инфрақұрылым мәселесін шешіп беруді сұрады.

Тұрғынның сауалын тыңдаған қала басшысы газ мәселесі АГРС-3 нысаны іске қосылғаннан кейін, ауыз су мен электр жарығының құрылыс жұмыстары 2021 жылдың соңында аяқталып, толыққанды сапалы ауыз сумен және электр жарығымен қамтылатынын айтты. «Ал жол мәселесі шағын ауданға ауыз су және электр жарығының құрылыс жұмыстары аяқталған соң шешіледі. Ауыз су жүйелерін жүргізу барысында қазылған 22 көшеге шағал тас төсеу жұмыстарын мердігер мекеме «Асфальт» ЖШС жүргізуде. Сіздің көшеңіз аталған тізімге енгізілген. Тас төсеу жұмыстары жыл соңына дейін жүргізілетін болады»,-деді М.Әйтенов.

Өз мәселесімен келген тұрғынның бірі Мақсат Сарсенбаев мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арбалар бойынша инновациялық жобалар мен қайтарымсыз грант алу мәселесін көтерді. Мақсат Саркенбаевтің сауалына жауап берген қала әкімі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа (200 АЕК), алдағы уақытта қосымша қаржы бөлінген жағдайда, құжаттарын тапсыра алатынын айтты.

Қабылдауға жазылған 10-ға жуық азаматтың өтініштерін егжей-тегжейлі талдаған қала әкімі көтерілген сауалдарға байланысты зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті шаралар заң аясында қабылдауды сала басшыларына тапсырып, бірқатар міндеттер жүктеп, орындалу барысы өз бақылауында болатынын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкент: Емханалық қызмет көрсетудің сапасы артуы тиіс

Next Post

Түркістанның «Жасыл белдеуі» алғашқы өнім берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі