13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Шымкентте әскердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды

3 августа, 2021
in Cаясат
0
Шымкентте әскердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылдың 30 шілдесі күні Шымкент гарнизонының әскери прокуроры Телеу Бағланның төрағалығымен әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының Ведомствоаралық кеңесінің отырысы өткізіліп, онда 2020 жылы және 2021 жылдың өткен кезеңінде «Әскерде қылмысқа орын жоқ» Бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Кеңес отырысына әскери құқық қорғау органдарының басшылары, Шымкент және Арыс гарнизондарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің басшылары мен жауапты лауазымды тұлғалары қатысты.

Гарнизон әскери прокуроры өз сөзінде қатысушылардың назарын қылмыстың 24-тен 6-ға дейін 4 есеге, сонымен қатар оның ауыр түрлерінің 12 есеге  төмендеуіне байланысты криминогендік жағдайдың оң динамиканы көрсетуіне, сондай-ақ құқықтық және әскери тәртіпті нығайту қажеттілігіне аударды.

Әкімшілік құқық бұзушылық саласындағы жағымсыз тенденциялардың 544-тен 909-ға дейін өсудеректеріне назар аударып, осы құқық бұзушылықтарды жою бойынша  шаралар қабылдауды,жұмысты жақсартуды, халықаралық оң тәжірибені қолданып, құқық бұзушылықтың алдын алудың жаңа әдістер мен тәсілдерін әзірлеуді нұсқады.

Кеңестің қатысушыларымен сондай-ақ 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енетін Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Заңының нормалары талқыланды.

Ведомствоаралық кеңестің нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.

Шымкент гарнизонының

әскери прокуратурасы

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизоныәскери прокуратура
Previous Post

В Шымкенте обсудили актуальные вопросы обеспечения законности и правопорядка в войсках

Next Post

Өңірлердің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі