13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өңірлердің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы талқыланды

3 августа, 2021
in Жаңалықтар
0
Өңірлердің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен бүгінгі Үкімет отырысында өңірлердегі санитарлық-эпедемиологиялық жағдай талқыланды.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы ахуалды баяндады. Ол дельта штамм пайдалы болғалы бері Шымкент қаласында эпидахуал күрделене түскенін айтты. Шілде айында коронавирус жұғу 7,5 есеге артқан. Маусым айында 1489  жағдай тіркелсе, шілдеде 11 085 адамның ковид жұқтырғаны анықталған.

Жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 19 528 науқас тіркелді. Емделіп шыққан науқастардың саны –11 848, 405 науқас қайтыс болды. Қазіргі таңда 7275 науқас емделіп жатыр, оның ішінде 4 916 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Стационарда 2  359  науқас ем қабылдауда. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар – 575.

—        Бүгінгі таңда қаладағы жұмыстар B сценарийімен жүріп жатыр. 3 190 төсек-орын жасақталды, онда 2 359 азамат стационарлық емделуде. Төсек-орын толымдылығы 74% құрайды, 831 төсек орын бос. Апта соңына дейін кезекпен қосымша 980 орын ашып, төсек орын санын 4 170-ке жеткізіп, С-сценарийне көшеміз. Жаңсақтау бөлімінде 487 төсек орын бар, онда 381 азамат ем қабылдауда. Толымдылық – 78 пайыз. Жалпы, үш сценарийге де дайынбыз. Соңғы 4 күнде жедел медициналық шақырулар  шақырулар саны  2 594-тен 2 453–ке төмендеді, — деді қала әкімі.

Қалада 45 екпе нысаны бар. 1-ші компонентпен 371 543 адам, 2 – ші компонентпен-278 988 адам егілді. Бүгінгі күні тиісті контингенттің  (536 000 адам)  1 компоненті 68%, 2 компоненті 51% вакцинацияланды.

Бастапқы медициналық көмек көрсету мақсатында 36 емханада 205 мобильді бригада жасақталған. Олар үй жағдайында ем қабылдап жатқан 4 916 науқаспен коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 11 658 адамға медициналық қызмет көрсетуде.

Қаланың медициналық ұйымдарында COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар. Дәріханаларды қосып есептегенде дене қызуын төмендететін дәрілер 1 млн. 261 мың науқасқа, вирусқа қарсы препараттар 217 675 науқасқа, антибиотиктер 313 800 науқасқа, антикоагулянттар 13 383 науқасқа, гормоналды препараттар 53 192 науқасты емдеп шығуға жетеді.

Мониторингтік топтар 20 885 объектіде рейдтік іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде 2 046 хаттама толтырылды және 130 млн.теңге айыппұл салынды. Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс жасауда.

Қаладағы 4748 бизнес субьектісі «Ashyq» жобасына қосылды, оған келушілердің статусын анықтау барысында 139 қызыл және 229 сары мәртебелі азаматтар анықталған.

Инфекцияны жеңудің жалғыз жолы – вакцинация екенін айтқан Премьер-Министр өңірлердегі вакцинация жұмыстарын жүйелі жүргізуді, карантин талаптарының сақталуын қатаң бақылауды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте әскердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды

Next Post

Тірек қимылында ақауы бар балалар сурет салудан шеберліктерін шыңдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі