«Азаматтар мен бизнестің мүдделерін қорғау туралы» 3 Міндетті және Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген «Азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған әділ және тиімді мемлекет» Ұлттық жоспарын 2025 жылға дейін жетілдіру туралы 4 Жалпыұлттық басымдылықты жүзеге асыру аясында, «Құқық қорғау органдары, прокуратуралар және соттардың арасындағы жауаптылық аумағын және уәкілеттігін шектеумен үш буынды моделді енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Концепция (әрі-қарай – Концепция) әзірленді.
Концепцияға сәйкес, әртүрлі органдармен қылмыстық процестің үші негізгі міндеті атқарылатын болады:
- қылмыстық қудалау органдарымен – қылмыстық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, қатысы бар тұлғаларды анықтау, жинақтау және дәлелерді бекіту;
- прокуратурамен – жинақталған дәлелдемелерге тәуелсіз баға беру, негізгі процестік шешімдерді қабылдау, сотта айыптауды ұсыну және қолдау;
- сотпен – жаза тағайындау, азаматтардың арыз-шағымдарын қарау.
Жаңа модельге көшуді қамтамасыз ету мақсатында кісі өлтіру туралы істер бойынша прокурордың негізгі процестік шешім қабылдауы бойынша сынақтан өткізу жөніндегі пилоттық жоба кейбір өңірлерде (Павлодар облысы мен Шымкент қаласында) 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап, ал еліміздің басқа өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылатын болады.
Негізгі процестік шешім түсінігіне – қылмыстық іс бойынша тұтастай немесе оның бөлігіне қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату, қылмыстық істерді біріктіру және бөлектеу, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу, тұлғаны күдікті деп тану, күдіктінің әрекетін саралауды айқындау, қылмыстық құқық бұзушылықты неме күдіктінің әрекетін қайта саралау, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қозғау, сотпен санкцияланған бұлтартпау шарасын қолдану, олардың ұзартылуы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселесін қарастыру үшін істі сотқа беру және айыптау актісін түзу туралы шешімдер жатқызылады.
Қазіргі уақытта, мұндай шешімдер прокурормен келісіледі немесе бекітіледі, ал келесі жылдан бастап бұл шешімдерді (кісі өлтіру туралы істер бойынша) прокурордың атынан қабылдау (шығару) жоспарлануда.
Барлық тергеу әрекеттерін жүргізуді, атап айтқанда, қарау, куәландыру, тексеру, алу, жауап алу, беттестіру, ұстау, сараптамаларды тағайындау, таныстыру, мәйітті анықтауға ұсыну, айғақтарды оқиға орнында тексеру және нақтылау, тергеу экспериментін жүргізу және басқа да шараларды полиция органдарының қызметкерлері жүзеге асыратын болады.
Қылмыстық-процестік кодекстің қолданыстағы баспасы прокурорға қылмыстық істі өзінің өндірісіне қабылдамай тұрып, негізгі шешімдерді қабылдауға мүмкіндік бермейді.
Осы процестік бекіністі шешу мақсатында, пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде қылмыстық істі полицияның өтінішхаты (ҚПК-нің 193-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы) бойынша прокурордың өндірісіне қабылдау және прокурордың басшылығында ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құру туралы (әрі-қарай – ВЖТТ, ҚПК-нің 195-бабы 3-бөлігі) механизм әзірленді.
ВЖТТ құрылуы прокурорды негізгі шешімдерді қабылдауға үйретіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттеріне басшылық етуге мүмкіндік туғызады.
Пилоттық жобамен тек кісі өлімін ашу ұсынылады, себебі тұлғалар қатыспаған істерде барлық негізгі шешімдерді қабылдау мүмкіндігін жоққа шығарады.
Бұл жоба прокурорларға қолданыстағы қылмыстық-процестік кодекстің талаптарын қатаң сақтауға және Концепцияда көзделген дағдыларды иемденуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда, аталған Концепцияны жүзеге асыру мақсатында Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасымен прокурордың кісі өлтіруі бойынша негізгі іс жүргізу шешімдерін қабылдау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға, сонымен қатар әскери полиция органдарымен және заңды оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасалына отырып, прокурорларды кісі өлтіру бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу практикасына оқыту бойынша қосымша бірқатар шаралар қабылдануда.
С. Абдрахманов
Шымкент гарнизоны
әскери прокуратурасының
аға прокуроры
әділет майоры