13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Шымкент жастар лигасы» – жылдың ең сәтті әлеуметтік жобаларының бірі

30 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
«Шымкент жастар лигасы» – жылдың ең сәтті әлеуметтік жобаларының бірі
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қаланың стратегиялық дамуы аясында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді.

Брифинг барысында Шыңғыс Жұмабекұлы өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуде және салауатты өмір салтын насихаттауда «Шымкент жастар лигасы» жобасының маңызы ерекше екенін атап өтті.

– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасы» спорттық сайысын жылдың ең сәтті әлеуметтік жобаларының бірі деп айтуға толық негіз бар. Қала тарихында алғаш рет қолға алынған ауқымды спорттық шара мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру, бұқаралық спортты дамыту және ҚР чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында өткізілді. Оған 140 білім ұйымынан 536 команда жасақталып, 8 569 оқушы қатысты. Спорттың футбол, волейбол, баскетбол түрлерінен, сонымен бірге интеллектуалдық шахмат ойындарынан өтті. Жеңімпаз төрт команданың әрқайсысына демеушілер есебінен 20 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық, ал фан-клубтарына велосипедтер тарту етілді. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы «Шымкент жастар лигасы» жобасының келесі жылы да жалғасатынын айтты. Демек, бұл – бұқаралық спортқа серпін беретін болашағы бар жоба, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» – еліміздің өзге өңірлерінде де көпшіліктің қызығушылығын арттырған әрі салауатты өмірді насихаттауға септігін тигізген бірегей жоба. Үш айға созылған спорт додасының алғашқы кезеңі 1 маусымда өз мәресіне жетті. Лиганың нәтижесінде шахматтан І орынды №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы жеңіп алды. Ал баскетболдан №8 М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-гимназиясы, волейболдан № 64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясы және футболдан № 87 А.Назарбеков атындағы жалпы орта мектебі жеңімпаз атанды. Сондай-ақ фан-клуб тар арасындағы бәсекеде № 65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы үздік шықты.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Қылмыстық процестің жаңа Концепциясы

Next Post

Шымкент: Елорда күні қарсаңында қайта жаңғыртылған 3 кітапхана ел игілігіне беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі