13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласында 30 мыңнан астам тұрғын жер кезегіне тіркелген

23 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан қаласында 30 мыңнан астам тұрғын жер кезегіне тіркелген
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында жер кезегіне 30 мыңнан астам адам тіркелген. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» басшысы Нариман Қасымбеков 109 — Бірыңғай байланыс орталығы арқылы тікелей эфирде мәлім етті. Бөлім басшысы эфир аясында тұрғындарға облыс орталығындағы жер кезегіне тұру тәртібін түсіндірді. Тікелей эфир барысында 12 тұрғын бөлім басшысына сұрақ қойып, тұшымды жауап алды.

Биыл кезектегі азаматтарға 2000-нан аса жер учаскесін табыстау жоспарланған. Бөлім басшысының айтуынша, бұл жерлерді 2000-2004 жылдары кезекке тұрған азаматтардың алуы жоспарланған.

Жер кезегінің жылжу процесінің бәсеңдігін сұраған тұрғынға бөлім басшысы кезекке тіркелген, қайтыс болған, жер алып қойған азаматтарды анықтау үшін актуализациялау жұмысы жасалып жатқандығын, анықталған бойынша аталған (қайтыс болған, жер алып қойған) адамдардың тізімнен алынатындығын айтты. Сонымен қатар, Бас жоспары бекітілгелі қалада бос жатқан жерлерді түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс аяқталған соң, ол жерлерге инфрақұрылым жүргізіліп, жер кезегіндегі азаматтарға табысталмақ. Жоспар бойынша осы арқылы 2022-2024 жылдары 10 мыңнан астам жер телімі табысталады деп күтілуде.

Халықты толғандырған жерді мемлекет мұқтаждығына алу мәселесі мен игерілмеген жер телімінің мемлекет меншігіне қайтарылуы бойынша да біршама ақпараттар берілді. Түркістан қаласының бас жоспары бекітіліп, шекарасы өзгеріп жатқандықтан, мемлекет меншігіне біршама жер өткізілген болатын. Бұл мақсатта атқарылған жұмыстар аяқталуға шақталған. Ал, шекараны бекітудің екінші және үшінші кезеңі 2025 жылы басталады. Сол себепті жерді мұқтаждыққа алу бойынша сыбыстарға сенбеуді мәлімдеді. Алынған жағдайда, бөлім тарапынан меншік иесіне алдын-ала хабар беріледі. Сондай-ақ, бөлім тарапынан жер құжаттарын толық рәсімдеуге көмек көрсету жұмыстары жүзеге асырылады. Жеке меншік тұрғын үйге алынған жерлер мемлекетке қайтарылмайды. Тек берілген жер 3 жыл ішінде игерілмесе, әкімшілік тарапынан ескерту жолданып, он есе салық төленеді.

Айта кетейік, ҚР кез-келген 18 жастан азаматы 10 соттық жер алуға құқығы бар. Ол үшін алушының атында Мемлекеттен бір рет тегін алған жері болмауы тиіс.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Өмірзақ Шөкеев той-томалақты тоқтатуды тапсырды

Next Post

Түркістан қаласындағы тұрғын үй кезегіне 13 587 адам тіркелген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі