13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласындағы тұрғын үй кезегіне 13 587 адам тіркелген

23 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан қаласындағы тұрғын үй кезегіне 13 587 адам тіркелген
Share on FacebookShare on Twitter

13 587 адам Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл жайлы кеше тікелей эфир арқылы «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің» басшысы қызметін уақытша атқарушы Әбутәліп Асанов кеңінен айтып өтті. Онлайн тілдесу 109 — Бірыңғай байланыс орталығының әлеуметтік желі парақшаларында ұйымдастырылып, тұрғындармен кері байланыс жасалды.

Жалпы тұрғын үйлер арнайы 6 категорияға жататын азаматтарға тапсырылуда. Облыс орталығында осы санаттар бойынша әлеуметтік аз қамтылған – 5009 азамат, көпбалалы 3300 отбасы, 4200 — бюджет саласы қызметкерлері және 186 жетім немесе ата-ана қамқорынсыз қалған азаматтар тіркелген. Жыл басынан бері кезектерге сәйкес, 120 азаматқа баспана берілді. Қазірде бөлімде «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған 138 пәтер «Отбасы банкі» және екінші деңгейлі банктер арқылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатылымға қойылған.

Сонымен қатар, бөлім басшысының ақпаратына сәйкес, биыл 124 көпбалалы отбасына баспана беріліп, жыл соңына дейін 78 көпқабатты тұрғын үй (бес мыңға жуық кезекте тұрған және несиелік жүйемен) кезектегі азаматтарға беріледі деп жоспарланған. Көпшіліктің берілген пәтерлердің жекешелендіріліуі бойынша қойылған сауалына бөлім басшысы 2016 жылға дейінгі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілген баспаналарды жекешелендіруге қою алдағы уақытта шешілетіндігін айтты.

Эфир барысында халық арасында тарап жүрген салынып жатқан пәтерлердің барлығы несиемен беріледі деген ақпараттың жалғандығы айтылып, барлық кезек заңды түрде жүзеге асырылатындығы айтылды.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан қаласында 30 мыңнан астам тұрғын жер кезегіне тіркелген

Next Post

Түркістанда су шығынын реттегіш «Ақылды технологиялар» енгізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі