13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өмірзақ Шөкеев той-томалақты тоқтатуды тапсырды

23 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Өмірзақ Шөкеев той-томалақты тоқтатуды тапсырды
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл басынан мобильді топтар мен полиция басқармалары қызметкерлерімен 400-дей тыйым салынған отбасылық, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылғаны анықталды. Оның 225-і қоғамдық тамақтану орындарында, қалғаны тұрғындардың өз ауласында өткізілген. Эпидемиологиялық тексерулер барысында инфекцияның болжамды жұқтыру көздері анықталды. Оған сәйкес, қауіпті кеселді жұқтырғандардың 75%-ға жуығы вирусты мерекелік, отбасылық шаралар кезінде, көпшілік орындарда COVID-19 коронавирусты инфекциясын жұқтырған. Облыс аумағында аудандық, қалалық әкімдігі жанынан құрылған 127 мобильді топтары тарапынан жүргізілген мониторингілеу жұмысының тиімділігі күрт төмендеген.

«Қайтадан белең алып бара жатыр ауру. Мониторинг емес, тексеруді күшейту керек. Көріп отырмын, кей аудандарда айқайлап тұрып той жасап жатыр. Беташары болсын, басқасы болсын. Қадам бассаң, барлық жерде той болып жатыр. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды біле тұра, той жасағандарды тоқтату керек»,-деді Өмірзақ Шөкеев.

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал баяндалған кезекті апталық аппарат отырысында соңғы көрсеткіштер ортаға салынды. Көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Осыған орай барлық аудан, қала әкімдері қатаң сынға ұшырады. Елдегі эпидемиологиялық ахуалды біле тұра, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тынымсыз жүргізіліп келе жатқан тексерулерді елемегендерге жаза, жауапты басшыларға шара қолданылмақ.

Мамыр айынан бері КВИ-мен ауру/байланыста болған үй карантиндік режимін сақтауы тиіс 35 адамның «Ашық» бағдарламасымен жұмыс істейтін нысандарға барғаны анықталды. Оның ішінде 9-«қызыл», 26-«сары» статустегілер.  Аумақтық СЭБ басқармалары тарапынан  31 адамға қаулылар шығарылып, ескертулер берілді. Мобильді топтар және Полиция қызметкерлері тарапынан СЭБ басқармаларына  4 мыңға жуық баянат түсті. Оның ішінде 3 мыңға жуығына әкімшілік хаттама толтырылып, 160 млн.теңгеге айыппұл салынды. Карантин режимін бұзған 31 нысанның жұмысын тоқтату бойынша талап арыздар сотқа өткізілді. Соттың шешімімен 16 нысанның жұмыс тоқтатылды. Қалған 15 талап арыз бойынша материалдар сотта қаралуда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысыӨмірзақ Шөкеев
Previous Post

Юнеско өкілі: «Түркістан облысы Қазақстандағы туризм орталығына айналуы мүмкін»

Next Post

Түркістан қаласында 30 мыңнан астам тұрғын жер кезегіне тіркелген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі