13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Жыл басынан бері 170 млрд.тг. ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

19 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Жыл басынан бері 170 млрд.тг. ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді
Share on FacebookShare on Twitter

Ауыл шаруашылығында 5 айда 170 млрд.-тан астам теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% — ға артты. Оның ішінде: мал шаруашылығының жалпы өнімі — 136,6 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі — 31,1 млрд.теңгені құрады. Салаға 15,3 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылмен салыстырғанда өсім 2 еседей артты. Елімізді отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін құны 810 млрд.тг 93 инвестицялық жобаны жүзеге асыру іс-шарасы қабылданды. Биыл құны 83,5 млрд.тг 36 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.

«Биыл егіс көлемі 845 мың га құрап, жоспар 100% орындалды. Жаңадан 54 га жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1 300 га құрады. Қазіргі таңда аумағы 74 мың тн өнім өндірілді. 3 мыңға жуық шаруашылық жылына 2-3 өнім алады. Қазіргі таңда 100 мың тоннаға жуық көкөніс өнімі жиналып, екінші өнімге агротехникалық іс-шаралар атқарылуда»,-деді Өмірзақ Шөкеев тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында.

Азық-түлік белдеуі аясында 11 мың га жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделген. «Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру» жобасы аясында 35,5 млрд. теңге 6 ірі жоба жүзеге асырылуда. Мал шаруашылығында мал басының тұрақты өсімі сақталуда. Тиісінше, ет өндірісі – 4%-ға, сүт – 3,1%-ға, жұмыртқа – 8,5%-ға артты. Жалпы жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнім көлемі 850 млрд.теңгеге жеткізілетін болады. Еңбек өнімділігі 19% артып, жылдық жоспар толық орындалды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан облысына биыл 800 млрд. теңге инвестиция тартылады

Next Post

Республикада өндірілетін тауарлы балық көлемінің 70 % Түркістан облысының үлесінде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі