13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Республикада өндірілетін тауарлы балық көлемінің 70 % Түркістан облысының үлесінде

19 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Республикада өндірілетін тауарлы балық көлемінің 70 % Түркістан облысының үлесінде
Share on FacebookShare on Twitter

Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысы құрылғалы бері, яғни 3 жылдағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Облыстың ЖӨӨ 2018 жылмен салыстырғанда 41%-ға артып, 2,4 трлн. теңгені құрады (2018 ж. – 1,7 трлн. теңге). Өнеркәсіп өнім көлемі 18%-ға, ауыл шаруашылығы өнімі 34%-ға немесе 151,3 млрд.теңгеге артты. Бұл салаға 161,3 млрд.теңге жеке инвестциялар тартылды.

Үш жылда егіс көлемі 50 мыңға жуық гектарға ұлғайтылып, 850 мыңдай га орналастырылды. 446 га қосымша жылыжайлар салынып, Республикадағы үлесі 71%-ды құрап 1 246 га-ға жетті. Қарқынды бау шаруашылығы 1,6 мың га артып, 3,1 мың га орналастырылды. Орташа мал мен құс басы 20%-ға, мал шаруашылығынан алынған өнім 15%-ға ұлғайды. 5,4 мың тонна ІҚМ еті экспорталып, Республикада 1 орын немесе үлесі  74%, қой еті 38% (491,1 тн.), құс еті 25% (2 734,3 тн.) құрады.

Республикада өсірілетін тауарлы балық көлемінің 70% облыс үлесінде. Соңғы 3 жылда инвестиция көлемі 2,4 есеге ұлғайып, өткен жылы 703,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде Түркістанға 367,6 млрд. теңге инвестицияланды. 740 мың шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға берілді. ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесі 21%-ға дейін жеткізілді. Облыс бюджетінің көлемі 1,6 есеге артып, 893 млрд. теңгені құрады.

«Өңір халқын ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі үш жылда 88,5%-дан 92,1%-ға жетті. 423 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіліп, қамтылу көрсеткіші  50,2 %-ға жетті. Бұл жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табатын болады. Қанағатты жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 71,2%-дан 79%-ға артты»,-деді брифинг барысында Өмірзақ Естайұы.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістан
Previous Post

Түркістан: Жыл басынан бері 170 млрд.тг. ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Next Post

Өмірзақ Шөкеев: 40 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі