13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысына биыл 800 млрд. теңге инвестиция тартылады

19 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысына биыл 800 млрд. теңге инвестиция тартылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында өткен 5 айда барлық негізгі салаларда оң өсім орын алды. Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 238,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30 млрд.-қа жуық теңгеге артты. Жыл басынан бері 15,3 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылмен салыстырғанда өсім 2 есе артты. Жыл қорытындысымен облысқа 800 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасының арнайы алаңында тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатының «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» тақырыбында өтті. Спикердің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде 110 млрд.- тан астам теңгеге өнім өндірілді.

«Облысқа 175,8 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,3%-ға артты. Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен жыл соңына дейін жалпы құны 255,5 млрд. теңгеге 3 243 жаңа жұмыс орнымен 80-нен астам инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Түркістан облысының өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында облыс көлемінде 2018 — 2020 жылдары жалпы құны 39,1 млрд. теңгеге, 37 жоба іске асырылды. Биыл 81,4 млрд. теңгеге, 945 жаңа жұмыс орнымен 5 жобаны іске асыру жоспарлануда»,-дей келе, облыс әкімі әр бағыт бойынша атқарылып жатқан істерге жекелей тоқталды.

Түркістан облысының индустриалдық аймақтарында жалпы құны 41 млрд.теңгені құрайтын және  4 мыңнан астам жұмыс орынын ашуға мүмкіндік беретін 60 жоба жүзеге асырылуда. Биыл 1  865,3 млн.теңгеге, 683 жұмыс орнымен 6 жоба жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда, «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржыны жалпы құны 480 млрд.теңге құрайтын жалпы 50-ге жуық жобасы іске қосылды. Жалпы өнеркәсіп өнімі көлемін биыл 565 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толды

Next Post

Түркістан: Жыл басынан бері 170 млрд.тг. ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі