13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Мәслихат сессиясында 23 мәселе қаралды

18 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Мәслихат сессиясында 23 мәселе қаралды
Share on FacebookShare on Twitter

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы өтті. Мәслихат сессиясының күн тәртібінде 23 мәселе қаралды.

Сессия жұмысына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, әкімдік мүшелері және облыстық сайлау комиссиясының төрағасы мен мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының өткен жылғы атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі тыңдалып, арнайы комиссия құрылыс саласында атқарылған жұмыстарға оң қорытындысын берді. «Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері» баяндалды. Мәселе облыстық мәслихаттың барлық тұрақты комиссияларының отырыстарында  қаралып, қолдау тапқан.

Өмірзақ Шөкеев облыста өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Жақында бекітілген Түркістан Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспарымен бөлісіп, Түркістан қаласын дамыту кезеңіне тоқталды. Жобаға 145 іс-шара енгізілген.

«Облыс орталығы қазақ халқы мен бүкіл түркі дүниесі үшін тарихи маңызы бар Түркістан қаласына көшірілді. 2018 жыл баршамызға тарихи шешім қабылдаған жыл деп білеміз. Бұл тарихи оқиға өңірімізге жаңа серпін және жан-жақты дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашты. Баршамыз жақсы білеміз, киелі қаламыз Орталық Азияның ең көне қалаларының бірі болуымен қатар, Тәуелсіз еліміздің рухани астанасы, түркі әлемін билеген тарихи тұлғалар мен тарландардың мекені. Сондықтан міне бүгін сол тарихи сәтке 3 жыл толып отыр», – деді облыс әкімі Ө.Шөкеев.

Жиында бірқатар басқарма басшыларының есебі тыңдалып, Түркістан облысының бюджеті талқыға түсті. Аталған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша облыстық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Түркістанда «Darhan dala travel» кеңсесі ашылады

Next Post

Шымкентте кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі