13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде

18 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы — республиканың ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі. Өнеркәсіп саласында 719 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда. Оның 24-і ірі, 49-ы орта кәсіпорын. Онда 32,6 мыңнан астам адам жұмыс жасайды.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев брифинг барысында мәлімдеді.

-Қазіргі таңда 58 млн. теңгеге 6 жоба қаржыландырылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2021 жылға 3 376 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде: банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 3 376 млн. теңге, банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге бойынша 200 млн. теңге. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 81,6 млрд. теңгеге 82 кәсіпорыннан өтініш түсті. Екінші деңгейлі банктермен 46,2 млрд. теңгеге 59 жобаға қолдау көрсетілді, — деді қала әкімінің орынбасары.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2021 жылға 2 396,0 млн. теңге бөлінді. 2021 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында 816,1 млн. теңге бөлінген.

Бұл бағдарлама аясында несиелерді рәсімдеу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ өтінім тапсыру қажет.

Сонымен қатар, әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында әкімдік тарапынан «Мен кәсіпкер боламын» арнайы іс-шара жоспары іске асырылуда. Аталған іс-шара аясында 10,0 млн. теңгеге дейін 1%-дық несиелер беріледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1 060,0 млн. теңге қаржы қаралған.

Жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша толық мәліметтерді «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» арқылы алуға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Түркістан: Мәслихат сессиясында 23 мәселе қаралды

Next Post

Шымкентте ауыл шаруашылығы бағытында 8 жоба іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі