13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Darhan dala travel» кеңсесі ашылады

18 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «Darhan dala travel» кеңсесі ашылады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Darhan Dala» жобасын жүзеге асырмақ. Жоба мақсаты – Түркістан қаласына, басқа да тарихи, киелі орындарға саяхат  ұйымдастыру. Отандық туризмді дамытуға үлес қосуды көздейтін жобаны ҚМДБ жанындағы «Darhan Dala Travel» турагенттігі жүзеге асырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында туризмді, әсіресе экотуризм мен этнотуризмді дамытуға назар аударды. Киелі орындарға зиярат жасау рәсімдері кезінде шариғат талаптары сақтала бермейтіні белгілі. Діни басқарма осы мәселеге назар аударып, өткен жылы имамдар форумында «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын қабылдады. Сапар барысында имамдар зиярат жасау мәдениеті мен әдебін түсіндіріп, тиісті насихат жұмыстарын жүргізеді»,-деді Бас мүфти.
Түркістанның туристік әлеуеті ескеріліп, шаһардан «Darhan Dala Travel» кеңсесінің ашылуы жоспарлануда. Тур фирманың жанынан арнайы Ислам ғұламаларының сарапшылар тобы құрылады. Дін өкілдері шариғат тұрғысынан сауалдарға жауап беруге қолдау көрсететін болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қаланың өркендеуіне үлес қосқандарға «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

Next Post

Түркістан: Мәслихат сессиясында 23 мәселе қаралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі