13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент әкімі Израильдік компания өкілдерімен кездесті

16 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент әкімі Израильдік компания өкілдерімен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Матзер Пласс» израильдік компания өкілі Шмуль Шчупакпен кездесті. Бас қосуда тараптар екі ел ынтымақтастығын нығайта отырып, елімізде тамшылап суару түтігі өндірісін іске қосу жайын айтты.

«METZER PLAS» компаниясы — ауыл шаруашылығында суару саласындағы жетекші компаниялардың бірі. Олар өз тұтынушыларына су ресурстарын ұтымды пайдаланудың инновациялық технологияларын ұсынады. Қазіргі уақытта тамшылатып суару технологиясы суару нарығында әртүрлі салаларда қолданудың арқасында үлкен үлесті алады. «Ирригатор Казахстан» ЖШС нақ осы компанияның ресми өкілі болып табылады. Айта кетерлігі, Израиль мемлекеті әлемде аргоөнімдерді экспорттауда алғашқы орындарда.

Компанияның басқарма төрағасы Шмуль Шчупак инвестор ретінде Шымкент қаласында тамшылатып суаруға арналған полиэтилен құбырларын өндіру жобасын іске асыруға қызығушылық танытып отырғанын айтты. Қаланың географиялық орналасуы, климаттың қолайлылығы Шымкенттің басты ерекшелігі болып тұрғанын атап өтіп, іскерлік қарым-қатынасқа қолдау көрсетуін сұрады.

— Шымкенттің стратегиялық маңызды объектілері және әртүрлі салаларға инвестиция салуда белгілі бір артықшылықтары бар. Қалада 3 «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймағы, арнайы-экономикалық аймақ және 1 сауда-логистикалық орталық жұмыс істейді. Мұнда қаражатты тиімді инвестициялау және жобаларды іске асыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Инвесторларға ұзақ мерзімді жалға берілетін тегін жер телімдері, дайын инфрақұрылым және коммуналдық қызметтерге төмендетілген тарифтер ұсынылады. АЭА қатысушылары үшін салық жеңілдіктері де қолданылады. Сондай-ақ, қала көлік-логистикалық хаб ретінде дамып, өңірдің екі ірі экономикасын біріктіріп, халықаралық саудадағы Қазақстанның оңтүстік қақпасына айналады, — деген қала әкімі бірлескен жобаларды іске асыруға сенім білдірді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Tags: Шымкент
Previous Post

Өмірзақ Шөкеев жол қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Next Post

Шымкент қаласына квест-саяхат ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі