13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өмірзақ Шөкеев жол қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

16 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Өмірзақ Шөкеев жол қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл басынан бері орын алған жол көлік оқиғаларының саны былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 35%-ға, жарақат алғандар 18%-ға, қаза болғандардың саны 38 пайызға төмендеген. Облыс бойынша 186 жол-көлік оқиғасында 48 адам қаза болып, 260 адам дене жарақатын алған. Жергілікті маңызы бар жолдарда апат саны 41%-ға, қаза болғандар саны 44%-ға, жарақат алғандар саны 36 пайызға азайған.

Алайда дәм-тұзы жол үстінде таусылып жатқандар саны Төлеби, Келес, Ордабасы, Сайрам аудандарында айтарлықтай артқан. Маңызды мәселе Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссиясының отырысында талқыланды. Облыс басшысы аудан, қала аралық жолдардағы жағдайды қатаң сынға алып, жолдан келер қауіпті тоқтату үшін күндіз-түні қадағалауды тапсырды.

«Айдың-күннің аманында, бейбіт заманда жолдан қаза тапқандардың тоқтамауы деген не сұмдық? Аудан әкімдеріне тез арада шара қабылдауды тапсырамын. Қатаң тәртіп орнатпаса, болмайды. Ең қауіпті деген жолдарда күндіз-түні қарауыл қойып, тәртіп орнату керек», – деді облыс әкімі.

Жалпы, полиция органдарымен 5 айда 230 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, оның ішінде 3 млрд. теңгеге жуық айыппұл салынған. Жол-көлік оқиғаларының орын алуына жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалыс ережелерін сақтамауы себеп.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкентте көркем гимнастикадан ҚР чемпионаты бастау алды

Next Post

Шымкент әкімі Израильдік компания өкілдерімен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі