13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қаласына квест-саяхат ұйымдастырылды

16 июня, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкент қаласына квест-саяхат ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін шаһардың 2200 жылдығына орай, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, республикалық дәрежедегі қала ретінде қайта құрылғанына 3 жыл толуына және 19 маусым – Қала күніне орай квест-саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты- туған қаламыздың көрнекті жерлерімен жете танысу, тарихына үңілу, өлкетану жұмысын жандандыру, қаламызда бой көтерген сәулетті мәдени, тарихи ескерткіштерді насихаттау, бабалар рухына тағзым ету.

Жас оқырмандардың керуені еліміздегі ең биік, еңселі сәулет өнерінің туындысы — Бәйдібек баба ескерткішінен бастау алды.

Саяхаттың әрбір аялдамасында жастар Шымкент туралы викториналық сұрақтарға жауап беріп, саяхатты жалғастыруға қосылып отырды.

Квест-саяхат барысында жастар Шымкенттің көрнекті ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, жыр-арнаулар айтты. Авторлық өлеңдер оқылды.

Саяхат соңында батырлар мен билерге, Даңқ мемориалындағы жауынгерлерге тағзым ете отырып, қуғын-сүргін музейінің жұмысымен танысты. «Шымқала» кешенін, қамал-бекіністі аралаған жастар Тәуелсіздік саябағында саяхатты аяқтады.

Іс-шараға жастар, жоғары сынып оқушылары мен студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

Шымкент әкімі Израильдік компания өкілдерімен кездесті

Next Post

Шымкентте «Ақылды аялдамалардың» санын арттыру жоспарлануда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі