13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы ауданына төрт айда 7 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

21 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Ордабасы ауданына төрт айда 7 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданында ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында жалпы өңірлік өнім көлемі 22 млрд 834 млн теңгеге жетіп, 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4 млрд 255 млн теңгеге артты. Сондай-ақ, ауданға тартылған инвестиция былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,2 есеге артып, 7 млрд 549,9 млн теңгені құрады. Бұл туралы брифингте Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді.

«Ағымдағы жылдың 4 айында ауыл шаруашылық саласында 10 млрд 848,5 млн теңгенің өнімі өндірілді. Атап айтқанда, мал мен құс еті 7 651,9 тонна өндіріліп, өсім өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 107,6 пайызды құрады. Бүгінгі таңда ауданда өнеркәсіп саласында 39 кәсіпорын бар. Осы кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі 2021 жылдың қаңтар-сәуір айында 8 млрд 77 млн теңгеге жетті. Аудан көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны 10 862. Оларда 15 551 адам жұмыспен қамтылған», — деді аудан басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы.

Ауданда биыл 5 көшенің 4,8 шақырымына жарықтандыру құралдарын орнату жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, 6 елді мекеннің ауыз су жүйелерінің құрылысы басталған. Аудандағы 57 елді мекеннің 7-і табиғи газбен қамтылған. Биыл республикалық және облыстық бюджеттен 5 елді мекеннің табиғи газ жүйесінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 22 елді мекеннің республикалық бюджеттен қаржысы қаралған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Халықтың өтініші мемлекеттік органдарға біртұтас жүйе арқылы түсіп, сақталады

Next Post

Ақтоты Райымқұлова мəдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі