13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ақтоты Райымқұлова мəдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

21 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Ақтоты Райымқұлова мəдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова еліміздің мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

«Құрметті достар!
Ардақты ағайын!
Сіздерді 21 мамыр – еліміздің мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін мәдениет пен өнер саласының мамандары халық алдында жыл бойы атқарған жұмысына есеп беруді іштей парыз санаса, халық алты атанға жүк болар жауапкершілік арқалап келе жатқан жандарға алғыс айтатын айшықты күн. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сай 2013 жылдан бастап мерекеленетін бұл атаулы күн жас болса да, орда бұзар отызды алқымдаған Ұлы Дала елінің руханиятын, мәдени дидарын айшықтау жолында аянбай қызмет етіп жүрген көңілдері көлдей қос сала қызметкерлері үшін аса қымбат.

Азаттықтың арайлы таңынан бастап елдің санасын сілкінтуге бағытталған батыл бастамалар мен мазмұнды бағдарламалардың байыппен іске асуына ақын-жазушы, кітапханашы, артистер мен архив, музей, өнер ошағындағы өзге де мамандар қосқан үлес өлшеусіз. Осы орайда жадымызды жаңғыртқан «Халық – тарих толқынында», «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» сынды бағдарламаны, Қазақ хандығының 550, Ұлық ұлыс – Алтын орданың 750 жылдығын және тұғырлы тұлғаларымыздың мерейтойын айта аламыз.

Тіпті, әлем алапат індетпен арпалысып жатқан жылдары да мәдениет пен өнер қайраткерлері алдыңғы шептен көрініп, онлайн форматта концерт, қойылым, көрме, экскурсия, әдеби кеш ұйымдастыру арқылы үйде отырған елдің еңсесін тіктеуге, жан дүниесін байытуға барып салып жатыр.

Алдағы уақытта кісілігі кемел, парасат-пайымы мол әріптестерімнің ұлысты ұйытатын игі істерге білек сыбана кірісіп, көпті қуанта беретініне сенімім мол. Үнемі еселі еңбектері берекелі болып, толайым табысқа қол жеткізе беруіне тілектеспін.

Осынау орайлы сәтті пайдалана отырып, баршаңызға мықты денсаулық, қажымас қайрат, ортаймас ырзық-несібе тілеймін!»,-деп жазылған министрдің құттықтау хатында.

 

Tags: 13kz13кзАқтоты Райымқұлова
Previous Post

Ордабасы ауданына төрт айда 7 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Next Post

Шымкент: Қос тарап меморандумға қол қойды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі