13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халықтың өтініші мемлекеттік органдарға біртұтас жүйе арқылы түсіп, сақталады

21 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Халықтың өтініші мемлекеттік органдарға біртұтас жүйе арқылы түсіп, сақталады
Share on FacebookShare on Twitter

«Е-Өтініш» – бұл барлық мемлекеттік және сот органдарына, сондай-ақ өтініш берушілерге өтініштерді қараудың бүкіл тарихы сақталатын бірыңғай база. «Е-Өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесіне 100% мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қосылған. Жаңа ақпараттық жүйені енгізудің өзектігілі мен маңыздылығы және Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің жұмысы жайлы Түркістан облысына жұмыс сапармен келген ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова кеңінен түсіндіруде. Жұмысшы топ Конгресс холл ғимаратында бірнеше кездесу өткізіп, Түркістан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында болды.

Түркістан облысына қарасты ауылдық округ әкімдері, ардагерлер, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, жастар, Халыққа қызмет көрсету орталығында қызметкерлермен кездесіп, мемлекеттік органдар жұмысының жаңа жағдайдағы жұмыс ерекшеліктері және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктері мен жолдарын көрсетті. Жұмыс тобының құрамында жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың — Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі, Юстиция министрліктерінің, Бас прокуратураның және басқа да мекемелердің өкілдері болды.

Мемлекеттік органдар өтініштерді бұдан бұрын қабылданған шешімдер мен жауаптарды ескере отырып, әкімшілік іс қалыптастырады. Жөнелту болмайды. Базада басшылардың өзінен төменгі құрылымдарға арналған, көтерілген мәселелерді шешу туралы тапсырмалар не ұсыныстар жазылған қарарлар болады. шағымдану кезінде шешімдердің немесе жауаптардың негізділігін мемлекеттік орган дәлелдейді.

Жыл басынан бері облыс бойынша азаматтардан 17 000-нан астам өтініш келіп түскен. Хаттар үш түрге бөлінеді: стратегиялық, типтік және шағымдар. 1 шілдеден бастап бірыңғай ақпараттық жүйесіне кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылатын болады және азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініштері бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы түсетін болады. Осы жүйенің көмегімен өтініш беруші өтінішті қарау барысын бақылай алады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзЕ-ӨтінішТамара Дүйсенова
Previous Post

Түркістанда инновациялық жобалар байқауы басталды

Next Post

Ордабасы ауданына төрт айда 7 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі