13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағаштың депутаттары қайрымдылық жасаудан жарысып жатыр

5 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Сарыағаштың депутаттары қайрымдылық жасаудан жарысып жатыр
59
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жуырда «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай,  «30 игі іс» атты қайырымдылық марафонын бастаған болатын. Осы акция аясында Сарыағаш ауданы мәслихатының депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі Рысбек Дүйсеновтың демеушілігімен Қабланбек ауылдық округі аумағындағы мүгедек жандар бар және тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған 100 отбасына азық-түлік себеттері табысталды. Ауыл тұрғындары өздеріне осындай көмек көрсеткен демеушіге ризашылықтарын білдірді.

Сонымен бірге сарыағаштық тағы бір депутат Мұхит Асилов та қасиетті Рамазан айында игі іс атқарды. Ол  «30 игі іс» акциясы шеңберінде 30 отбасына азық-түлік себеттерін тапсырды. Сарыағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ерікті жастары да атсалысты.

Жалпы «30 игі іс» атты қайырымдылық марафоны Сарыағашта өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. «Сарыағаш» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен, демеушілер есебінен Сарыағаш қаласы аумағында тұратын тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған 25 отбасыға азық-түлік себеттері табысталды. «Құркелес» бастауыш партия ұйымы да 25 отбасына азық-түлік себеттерін үлестірсе, «Дарбаза» БПҰ төрағасының бастамасымен  демеуші  «Ауес» ӨК ұжымы аз қамтылған 67 отбасына ұн таратты.

Жалпы бұл көмектердің бәрі «Nur Otan» партиясы атынан сайланған депутаттар мен жергілікті кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен берілген. Мақсат – ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын игі іспен өрнектеу арқылы мұқтаж жандарға көмек беру.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкенттік шәкірттер – республикалық олимпиада жеңімпаздары

Next Post

Шымкенттік боксшы Дана Дидай әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі