13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік шәкірттер – республикалық олимпиада жеңімпаздары

5 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік шәкірттер – республикалық олимпиада жеңімпаздары
35
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жуырда жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадаға Шымкент қаласынан 100 оқушы қатысты. Білім додасында  31 шәкірт жүлделі орындарға ие болып, қаламыздың абыройын асқақтатты.

Пандемияға байланысты биылғы Олимпиада  «Ustudy» орталықтарында «бір оқушы — бір компьютер — бір камера» қағидасы бойынша ұйымдастырылды. Олимпиаданың тапсырмалары әр кезеңнің басында бір уақытта ұсынылды және сол тапсырмаларға әрбір қатысушыға жеке қол жеткізу коды берілді.

Олимпиада  аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстары шифрланып, қазылар алқасының мүшелеріне тексеруге жіберілді. Әрбір кезең аяқталғаннан кейін қатысушылар жұмыстарының сканерленген көшірмелері «Дарын» орталығының интернет-ресурсында олардың жеке деректерінсіз орналастырылды. Биылғы оқу жылында республикалық олимпиаданың мектепшілік кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысқан.

Соның ішінде соңғы мәреге еліміздің барлық өңірінен 1 жарым мыңнан астам шәкірт іріктеліп шығып, өзара бақ сынасты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Шымкент қаласының шәкірттері үздің нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 11 күміс, 18 қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, қаламыздың 6 мектебі еліміздегі ең үздік 100 мектептің қатарына енді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қала әкімі әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты

Next Post

Сарыағаштың депутаттары қайрымдылық жасаудан жарысып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі