13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімі әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты

Қала әкімі «Сайрам» тұрғын алабындағы әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты.

5 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Қала әкімі әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты
39
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Сайрам» тұрғын алабына барды. Шаһар басшысы әлеуметтік нысандар  құрылысы және тарихи-мәдениет орындарының жағдайымен танысты.

Бүгінде «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс барысында атқарылған жұмыстар жалпы 70 %-ды құрайды.

Бас мердігер – «Жаңа Арна 2002» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың наурыз айында басталған еді. Мердігер мекеме құрылысты 30 тамызда аяқтауды жоспарлап отыр. 2021 жылға бөлінген қаржы – 497 246, 0 мың теңге. Оның игерілгені 183 249,4 мың теңге.

Сонымен қатар қала әкімі құрылысты сапалы жүргізуді және жоспарлы мерзімде аяқтауды тапсырды.

Қала әкімі М. Әйтенов «Сайрам» тұрғын алабындағы жолдарды орташа жөндеу жұмыстарының барысымен, қоғамдық көлік бағыттарының жағдайымен танысты.

Сатыбалдиев-Машраб көшелерінің қиылысындағы құрылыс барысын аралап көрді. Тұрғын алаптағы 79 көшенің жалпы ұзындығы – 247,5 шақырым: асфальт  жол – 145,3, тас  жол – 102,2 және топырақ  жол – 0 шақырым.

2021 жылы 8 көше жөндеуден өтеді. Жалпы ұзындығы – 14,8 шақырым. Атап айтқанда, мердігер «Нұрлы жол» ЖШС бүгінде Cыдықхан ата ( 2,2 шқ), Гозохан көшесінде (3,0 шқ) жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, мердігер «АзияКомплексСтрой» ЖШС Марьям ана, Хавазмат ата көшесінде  (1,1 шқ) жөндеу жұмыстарын бастады. Орындау мерзімі – мамыр-маусым айы.

Айта кетсек, бүгінде тұрғын алапқа №30 – Сайрам — Акбар базар, №139  Сайрам – Ордабасы, №148 Шапырашты – Акбар базар бағытында қоғамдық көлік қатынауда.

Previous Post

Мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауы 28 мамырда басталады

Next Post

Шымкенттік шәкірттер – республикалық олимпиада жеңімпаздары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі