13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасыда бір алқаптан екі-үш өнім алуға ниеттілер 3 есеге артты

5 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Ордабасыда бір алқаптан екі-үш өнім алуға ниеттілер 3 есеге артты
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Ордабасы ауданында 1 алқаптан 2-3 өнім алуға ниетті шаруашылық саны 257-ге жетті. Олар қазіргі таңда 524  гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп, баптауда. Бұл былтырғы көрсеткіштен 3 есеге артық.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Ордабасы ауданында ауыл шаруашылық саласын дамыту жүйелі жүзеге асырылуда. Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков жердің тиімділігін арттыруды, ағын су мәселесінің шешілуін жіті бақылауына алып, түйткілді мәселелердің тарқатылуын ұдайы назарында ұстап келеді.

Бүгін Ордабасылық шаруалар озық технология игілігін көре бастаған дихандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен Қарақұм ауылындағы 15 гектарға тамшылатып суғару әдісін енгізген жеке кәсіпкер Әмзебек Аманжоловпен кездесіп, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, үйіргелік жердің ауласындағы 0,05 га жерге жайғасқан жылыжай жағдайын көрді. Самат Сұлтанов кәсібін «Еңбек» бағдарламасы арқылы алған 555 мың грант қаржысына бастап, екі жылда төрт өнім алып, пайдаға кенелгенін атап өтті.

Бөген ауыл округіндегі «Анар» шаруа қожалығы жер өңдеуде былтыр айтулы жетістіктерге жеткен. 5,7 га жерге жүгері мен мақта егіп, жүгеріні гектарынан 110 цн, мақтадан гектарынан 30 центнерден өнім алған. Шаруалардың назарына оңтайлы озық техникалар да ұсынылып, қолданылатын тыңайтқыштар туралы ақпараттар берілді.

Сапар соңы аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұлдың, ауыл әкімдерінің қатысуымен өткен семинарға ұласты. Семинар барысында аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Әбілдә Әлібеков баяндама жасап, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Педофилдерден қорғау туралы ақпараттық сайт іске қосылды

Next Post

Көші-қон: Солтүстік өңірлермен танысу мақсатында 45 тұрғын жолға шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі