13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Көші-қон: Солтүстік өңірлермен танысу мақсатында 45 тұрғын жолға шықты

5 мая, 2021
in Жаңалықтар
0
Көші-қон: Солтүстік өңірлермен танысу мақсатында 45 тұрғын жолға шықты
27
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және жергілікті әкімдіктер арқылы жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз етуді көздейтін «Еңбек» бағдарламасының ұйымдастыру, насихат жұмыстары жанданды. Кеше аталған бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде Түркістан облысы, Сайрам ауданынан Солтүстік өңірге қоныс аударуға ниет білдірген 45 отбасы (Сарыағаш, Сайрам, Бәйдібек аудандары) мүшелері Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында жолға шықты. Олар екі облыстағы жағдайды жан-жақты сараптайды. Егер ұсыныс ұнаса, ол тұрғындар солтүстікке көшуі мүмкін.

Қоныс аударуға ниет білдіріп, жолға шыққан тұрғындарға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Солтүстік өңірлерге Оңтүстік халқының қоныс аударуының стратегиялық маңыздылығын, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды атап өтіп, жерлестерімізге сәт-сапар тіледі.

Өз кезегінде түркістандықтардың Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға бірнеше жылдан бері қолдау білдіріп жүрген, солтүстік өңірлер тіршілігімен танысып қайту саяхатын (тегін) ұйымдастырушы «Ұлы көш» қоғамының төрағасы Жаңабай Ағабеков сапардың бағыты туралы мағлұмат берді. Қоныс аударған жерлестерімізге жасалатын қолдауларды (баспана, жұмыс орны, жер) көзбен көріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсенділік танытуға шақырды.

Солтүстік облыстарға көш-қон бағдарламасы басталған 5 жылдың ішінде 20 мыңдай адам көшіп баған. Оның 6 мыңы – Түркістан облысының тұрғындары. Яғни 1700 отбасы қоныс аударған.

Сәуір айының басында Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының 2025 жылға дейін даму бағдарламасы қабылданды. Енді бұл аймаққа жалпы көлемі 2 трлн. теңге инвестиция салынбақ.

Ауыл шаруашылығы бойынша 52 сүт фермасы, 2 тауық фабрикасы бой көтереді. «Қызылжар» транспорт хабы іске қосылады. Басқа аймақтармен байланысты артырып, барыс-келісті барынша күшейту үшін әуе қатынасын айына 16-дан 68 рейске дейін арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар облыстық жаңа аурухана, аудандарда 47 медициналық нысан, тұрғындар үшін 21 мың пәтер мен 16 мектеп салынады. Назарбаев университетінің негізінде жаңа университет іске қосылады. Осы жоспар бойынша 26 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл бастамалар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген.

Солтүстік өңірлерге қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан жасалатын қолдаулар туралы ақпаратты аудандық жұмыспен қамту орталықтарынан алуға болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Ордабасыда бір алқаптан екі-үш өнім алуға ниеттілер 3 есеге артты

Next Post

Түркістан облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 түрлі тағам әзірленді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі