13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласында сенбілікте 150 түп ағаш көшеті отырғызылды

30 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан қаласында сенбілікте 150 түп ағаш көшеті отырғызылды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласындағы Қазыбек би көшесінің бойында облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты секторда сенбілік өтті. Қоғамдық даму басқармасы мен облыстық ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен өткен сенбілікке басқарма басшысы Дамир Жүнісов пен ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұман бастаған бір топ белсенділер мен қала тұрғындары қатысты. Сенбілік барысында 150 түп шырша ағашы отырғызылып, көше бойы қоқыстан тазартылды.

Басқарма басшысы Дамир Жүнісов: «Ақсақалдар алқасымен бірлесе отырып қала аумағына егілген ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына бақылау жасауды қолға алған болатынбыз. Сол жұмыстың бастамасы ретінде басқармаға қарасты секторға ағаш көшеттерін отырғызып, оларды суғару мәселесі бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын тауып, Түркістанның жасыл қалаға айналуына үлес қосамыз» деді.

Айта кетерлігі, Қазыбек би көшесіндегі әр тұрғын өз ауласына егілген ағаштарға уақытылы су құйып, күтіп-баптауға өз үлестерін қосатын болды. Бұл жұмыстарға облыстық ақсақалдар алқасы үнемі мониторинг жасап, бақылап отырады.

Қала тұрғыны, облыстық ақсақалдар алқасының мүшесі Аман Абдуллаев: «Облыс орталығына айналғалы Түркістан адам танымастай ажарланып келеді. Қаламыздағы атқарылып жатқан жұмыстардың ең ауқымдысы ретінде абаттандыру жұмыстарын айтар едім. Саябақтар салынып қаланың климатын жақсарту жұмыстары жақсы жүруде. Әсіресе, қаланы секторларға бөліп, оның әрбіріне мемлекеттік мекемелерді жауапты ету — облыс әкімдігінің ең ұтымды бастамасы деп білемін. Сектор жауаптылары өз аймағына тал егіп, көгалдандырып, тұрғындарға қолайлы өмір сүруге жағдай жасауда. Біз де өз тарапымыздан осы жұмыстарға қолдау білдіріп, әр егілген ағашқа қамқорлықпен қарап, оны күтіп-баптауға барымызды саламыз» деп барша қала тұрғындарын осы бастамаға қолдау білдіруге шақырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Сайрам ауданында тамшылатып суару жүйесі 528 гектарға жетті

Next Post

Түркістан облысының полицейлері героин тасымалдаған автобус жолаушысын ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі