13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қылмыс

Түркістан облысының полицейлері героин тасымалдаған автобус жолаушысын ұстады

30 апреля, 2021
in Қылмыс
0
Түркістан облысының полицейлері героин тасымалдаған автобус жолаушысын ұстады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында ұйымдастырылып жатқан “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы аясында ЕҚҚІҚБ қызметкерлерінің тәжірибелі тәртіп сақшылары қатарынан қылмысты ашуға бағытталған шаралар ұйымдастырылды. Олар Шымкент-Самара тас жолының бойында жүріп жатқан автобус көліктерін біртіндеп тексере бастайды. Тексеру кезінде Алматы-Түркістан бағытында келе жатқан автобустағы жолаушы әйел күдік тудырады. Осылайша жедел шаралардың нәтижесінде әйелдің сөмкесінен қағазға оралып, полиэтилен пакетіне салынған ақ-сұр түсті есірткіге ұқсас ұнтақ табылды. Болған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полицейлер тәркіленген айғақты затты сараптамаға жолдады. Оның қорытындысы бойынша есірткіге ұқсас заттың жалпы салмағы 60 грамға жуық “героин” екені анықталды. Яғни героиннің бұл салмағы 300-ге жуық адамның бір реттік дозасы екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдікті әйел бірден қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы оқиғаның толыққанды мән-жайын анықтайтын болады.

Облыс тұрғындарына ескертеміз, есірткі атаулыға мүлде жоламаңыздар! Өз саулықтарыңыз үшін салауатты өмір салтын қалыптастырып, жаман әдеттерден аулақ болыңыздар.

Polisia.kz

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан қаласында сенбілікте 150 түп ағаш көшеті отырғызылды

Next Post

Шымкент: «Бір үй, бір бірлестік, бір шот» қағидаты бойынша жаңа жүйеге көшу қарқынды жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі