13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрам ауданында тамшылатып суару жүйесі 528 гектарға жетті

30 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Сайрам ауданында тамшылатып суару жүйесі 528 гектарға жетті
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы төрағалық еткен конференцияға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Динара Асылқызы, аудандық филиал төрағасының орынбасары Алмас Әбдрахманұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы Шамхат Розақұлұлы және бастауыш партия ұйымдарынан сайланған конференция делегаттары қатысты.
Әлемді жайлаған пандемия кезеңінде нұротандықтар  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен қолға алынған  «Біз біргеміз» акциясы аясында  ауданымыздағы 2000 отбасыға  50 мың теңгеден жалпы соммасы 100 000 000 теңге беруге ықпал етті. 4800-ден астам отбасыға  азық-түлік түрінде көмектер көрсетілді. «Қамқорлық» аймақтық бағдарламасы аясында 122 отбасыға тұрақты қолдау көрсетілуде – деді өз баяндамасында Алмас Әбдрахманұлы
Сондай-ақ аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекеева баяндамасында,  ағымдағы жылдың 1 тоқсанына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты болып қалыптасқанын мәлімдеді. Экономика саласында өсім бар, оның ішінде аудан экономикасының маңызды саласы ауыл шаруашылығында  3 айда 13,7 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өсім 8,2%-ды құрағандығын, жыл басынан жаңадан 36,2 гектарға тамшылатып суғару жүйесі ендіріліп, жалпы көлемі 528 гектарға жетіп, жылыжайлар 6 га жерге салынғанын айтты. Жалпы көлемі 51,4 га құрап, қарқынды бау көлемі- 499 га жеткендігін хабарлады.
Аудан басшысы Ұласбек Сәдібекұлы   «Сайрам ауданының халқы еліміздегі ең басты саяси күш ретінде «Nur Otan»-нан аудан экономикасын көтеру мен тұрғындарымыз әл-аухатын көтеру бойынша нақты істерді күтеді. Бұл үдеден шығуға партиямыздың әлеуеті де, ресурсы да, мүмкіндігі де толық жетеді. Партияның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді өздеріңізбен бірге атқаратын боламыз» – деп мәжілісті қорытындылдады.
Конференция соңында делегаттар партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамын және облыстық конференцияға делегаттар сайлап, конференция қаулысын қабылдады.

 

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістан
Previous Post

"Nur otan": Жетісай және Арыс филиалдарының төрағалары сайланды

Next Post

Түркістан қаласында сенбілікте 150 түп ағаш көшеті отырғызылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі