13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібас: Шақпақ-баба ауылының ауыз су жүйесі жаңарады

29 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түлкібас: Шақпақ-баба ауылының ауыз су жүйесі жаңарады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Шақпақ-баба елдімекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты 28 шақырымнан астам ауыз су құбыры толығымен жаңартылатын болды. Бүгінге дейін тіршілік көзін кестемен тұтынып келген 621 отбасыға енді тәулігіне 24 сағат су берілетін болады.

Бұл мәселе аудан әкімі Нұрлан Байғұттың Шақпақ ауылдық округі тұрғындарының алдында өткен жылы атқарылған жұмыстары туралы берген есебі кезінде көтерілген болатын. Нәтижесінде аудан басшысы аталған елдімекеннің ауыз су мәселесін жеделдетіп шешуді тиісті сала мамандарына тапсырған.

Аудан басшысы құрылыс нысанының басына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жауапты басшыларға және мердігер мекемеге жоспарды сапалы түрде орындалу керектігін ескертті. Құрылыс басына жиналған ауыл ақсақалдары халықтың айтқан өтінішіне құлақ асып, ел мүддесі үшін қызмет етіп жүрген азаматтарға алғыстарын білдірді. Айта кетейік, бұл нысанның құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толығымен аяқталып, ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте тұрғын үй алу тізімінде тіркелгендер саны 43 906 азаматты құрап отыр

Next Post

Түркістанда тарихи ескерткіштерді қорғауға арналған фотокөрме өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі