13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда тарихи ескерткіштерді қорғауға арналған фотокөрме өтті

29 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда тарихи ескерткіштерді қорғауға арналған фотокөрме өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында «Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне» орай өңірдің сәулет, археология ескерткіштері мен киелі орындары қамтылған көрме өтті. Шараның өтуіне облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану орталығы ұйытқы болды. Шараның мақсаты — тарихи-мәдени нысандарды насихаттай отырып, ескерткіштерді қорғау жайында тұрғындарға ақпараттандыру-ағарту жұмыстарын жүргізу.

Археологиялық ескерткіштермен қоса киелі орындардың фотосуреттері қойылған көрме қала әкімдігінің ғимараты алдына және цитадель қақпасына баратын аяқжол алаңқайына қойылды. Көрмені тамашалаған қала тұрғындары мен қонақтары суреттерді қызықтай жүріп, ескерткіштерді қорғау саласында атқарылып жатқан шаруалармен танысты.

Түркістан облысында 1 нысан «ЮНЕСКО» шеңберіндегі халықаралық маңызы бар ескерткіштер санатына жатса, 31 нысан республикалық маңызы бар, 423 нысан жергілікті маңызы бар ескерткіш саналады. Айта кетейік, тарихи-мәдени ескерткіштерді бүлдіру, қасақана жою әрекеттері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сай 10 АЕК-тен бастап, 250 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соқтырады. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексiнің талаптарына сай 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартуға жеткізуі мүмкін.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түлкібас: Шақпақ-баба ауылының ауыз су жүйесі жаңарады

Next Post

Түркістан облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі  

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі