13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте тұрғын үй алу тізімінде тіркелгендер саны 43 906 азаматты құрап отыр

Елімізде баспана мәселесін шешудің түрлі жолдары қарастырылған

28 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Share on FacebookShare on Twitter

2019 жылы

Шымкент қаласында тұрғын үй алу тізімінде 40 516 азамат тіркеліп, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үйге 540 отбасы қол жеткізді. Оның ішінде санаттар бойынша: 177 пәтері көпбалалы отбасыларға, 108 пәтері жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және 255 пәтері әлеуметтік жағынан осал топтарына және бюджеттік сала қызметкерлерінің пайдалануына берілген. Сонымен қатар , «Самұрық – Қазына» АҚ желісі бойынша кезекте тіркелген 97 азамат, ал «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша 91 азамат аренда әрі қарай сатып алу құқығымен пәтермен қамтамасыз етілді.

2020 жылы

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде тіркелгендер саны – 42 269 азаматты құраған. Өткен жылы 1596 пәтер азаматтарға сатып алу құқығынсыз арендалық ретінде берілсе, кредиттік тұрғын үй бағытында 2614 әлеуметтік несиелендіру шарты негізінде тұрғын үймен қамтылған.

Қазіргі таңда

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде тіркелгендер саны 43 906 азаматты құрап отыр. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 2 есеге артқан. Жыл басынан бері 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланып, жұмыс істейтін жастарға 300 пәтер, жетім балаларға 10 пәтер, көпбалалы отбасыларға 106 пәтер, халықтың әлеуметтік әлсіз тобына 45 пәтер кілті табысталды. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер тарапынан 613 азамат 8 186,3 млн теңгеге несиелендіріліп, тұрғын үймен қамтылды. Ал ағымдағы жылдың соңына дейін кезекте тұрған азаматтарды тұрғынжаймен қамтамасыз ету үшін 1 580 пәтер сатып алу жоспарлануда.

Айта кету керек, келесі комиссия отырысы ағымдағы жылдың мамыр айына жоспарланып отыр. Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы жұмыстары қарқын алып, кезекте тұрған азаматтарға қолданысқа беріліп жатқан пәтерлердің саны артып келеді. Бұл өз кезегінде тұрғын үй кезегінің едәуір жылдам жылжуына оң әсерін беруде. Алдағы уақытта мегаполис тұрғындарын баспанамен қамту мақсатында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 1 млн шаршы метрге жеткізу көзделген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Шымкентте 4 мамырдан бастап қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді

Next Post

Түлкібас: Шақпақ-баба ауылының ауыз су жүйесі жаңарады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі