13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 4 мамырдан бастап қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді

28 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 4 мамырдан бастап қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді.

– Шымкентте бүгінде жолаушылар тасымалдау үшін 18 жекеменшік көлік компаниясында 64 бағыт бойынша 872 автобус қызмет көрсетеді. Осы орайда қалалық мәслихаттың шешімімен өткен жылдың желтоқсан айында жолаушылар көлігі саласын жүйелендіру және дамыту мақсатында кешенді схема бекітілген болатын. Бұл ретте аталған сызбамен жаңа маршруттық желі 78 бағытта ұйымдастырылды. Қазіргі таңда аталған желіге сәйкес 23 жолаушылар көлігі жұмыс істеуде. Ал 2021 жылдың 4 мамырынан бастап қоғамдық көліктердің сызбаларын оңтайландыра түсу үшін маршруттар желісіне өзгерістер енгізіледі, – деді Ержан Жақсылықұлы.

Басқарма басшысының айтуынша, қозғалыс сызбалары жүйелендірілетін маршруттардың тізімі қала тұрғындарының шағымдарын саралап, талдай отырып белгіленген. Яғни, №21 («Құрсай» ш.а. – «Айқап» ш.а), №139 («Сайрам» ш.а. – «Ақбар» базары), №133 («Алаш» базары – Тәшенов көш.), №16 («Забадам» ш.а. – Түркістан көш.), №180 («Көкбұлақ» ш.а. – «Автонұр» базары), №191 («Қарабастау» ш.а. – Теміржол вокзалы), №171 («Бозарық» ш.а. – «Гиперхаус» СҮ), №171а («Бозарык» (саяжай) – «Гиперхаус» СҮ), №96 («Қазығұрт» ш.а. – «Автонұр» базары), №45 (Солтүстік саяжай – Ескі қала), №65 («Мәртөбе» ш.а. – «Гиперхаус» СҮ), №32 («Сауле» ш.а. – «Военкомат» аял.), №148 («Шапырашты» ш.а. – «Ақбар» базары), №2 (ш.а. «Самал» – МО №2) автобус бағыттарына өзгерістер еніп отыр.

Сондай-ақ, баспасөз мәжілісінде жоғарыдағы сызбаға сәйкес қызметі жаңадан ұйымдастырылатын қоғамдық көліктердің тізімі белгілі болды. Олар – №61, №17, №11, №114, №15, №2, №52, №140, №122, №56, №64, №25, №169 және №30 жолаушылар тасымалдау көліктері. Бұл ретте №14, №115 секілді шағын маршруттардың орнына жаңа автобустар жүргізілетіні айтылды.

Брифинг барысында Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұхтар Қоқанбаев 4 мамырда өзгерістер енгізілген соң, кешенді схеманың 70 пайызы орындалатынын жеткізді.

Айта кетейік, жолаушылар тасымалын оңтайландыру үшін бүгінде №108а және №152 нөмірлі автобустардың қызметі тоқтатылды. Осы орайда басқарма басшысы маршруттарды қысқарту арқылы қоғамдық көліктердің жүру уақытын реттейтіндіктерін айрықша атап өтті. Оның сөзінше, өзгеріс барысында шалғай аудандардағы қала тұрғындарын орталыққа қатынау мүмкіндігін жақсарту басты мақсат болып отыр.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Tags: 13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкентте «Тәуелсіздік тағылымы» конференциясы өтті

Next Post

Шымкентте тұрғын үй алу тізімінде тіркелгендер саны 43 906 азаматты құрап отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі