13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте «Тәуелсіздік тағылымы» конференциясы өтті

28 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте «Тәуелсіздік тағылымы» конференциясы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Ғылымның дамуы — бәсекеге қабілетті ел болудың кепілі. Шымкентте академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты ғылыми-теориялық конференция өтті.

Жиында 9 мемлекеттің ғалымдары мен ел профессорлары баяндама оқыды. Конференцияда «Қуатбеков оқуларының» алғашқы басылымы да таныстырылды. Оқу үрдісіндегі ІТ-технология, баламалы энергия, әлеуметтік гуманитарлық мәселелер тақырыбын арқау еткен жиынға жалпы саны 342 мақала келіп түскен.

Халықаралық деңгейдегі жиында аталған университеттің химия ғылымдарының кандидаты, профессор Жамалладин Махмудов “Тұқымдарды дезинфекциялау және пестицидтік препараттарды алу технологияларын жасау” тақырыбында баяндама жасады. Бұл бойынша дайындаған жобасын түсіндіріп, қазіргі уақытта осы жобамен Израиль, БАӘ, Ресей, Польша елдерімен екіжақты келісімдер жүргізіліп жатқандығын айтты.

— Республикамыз бойынша топырақ құнарлылығын зерттеп, тек оны зерттеп қоймай, оның құнарын көтеруге мүмкіндігіміз бар. Соған енді біз жобаларды дайындап жатырмыз. Егер Үкімет тарапынан қолдау болса біз дайынбыз. Әлем елдерінде біз Ресей Федерациясы мен Өзбекстан, Түрікменстан, өз республикамызда, Франция мемлекетімен, Израильмен, Малайзия, БАӘ жұмыс істеп жатырмыз, — деді химия және биология кафедрасының профессоры Жамалладин Махмудов.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Tags: 13kz.kz13кз
Previous Post

Тұрғын үй басқармасының басшысы азаматтарды қабылдады

Next Post

Шымкентте 4 мамырдан бастап қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі